Жұмыстан шығып қалмас үшін: Үндістанда әйелдер жаппай жатырын алдырып жатыр
Істеп жүрген жұмыстарынан айырылып қалмауы үшін Үндістанның кейбір штатының тұрғындары жатырын алдырып, өзге де медициналық жолмен жасалатын құрбандыққа барып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттің батысында орналасқан штаттардың бірінде дәл осындай 4 500 ота тіркелген. Оны көбінесе жасы 40-тан аспаған әйелдер жасатқан. Арасында 30 жасқа толмағандары да бар.
Мұнымен қатар, аталған елде әйел адамдардың етеккір кезіндегі ауырлық сезімін азайту үшін тіркелмеген дәрі-дәрмек ішкені белгілі болды. Көбінесе мұндай дәріні 15-25 жас аралығындағы қыздар ішкен.
Аталған мемлекетте етеккір тақырыбында ашық сөйлескенді мүлдем ұнатпайды. Сол себепті қыздар дәл осындай дәрілер ішеді немесе сол күндері мектепке бармауды жөн көреді.
Ұлттық комиссия осы жағдайға байланысты штат билігінен қандай да бір шара қолдануды сұрады.
Талқылау

"Нағыз чемпион бұлай өмір сүрмеуі керек": Күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болып, бір бөлмелі пәтерде тұратын әйел көптің көңілін босатты
Желі қолданушылары: "Еңбегін ел дұрыс бағалады ма? Әдеттегідей. Ұмыт қалған”

"100 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін қаржы кетеді": Қазақстандықтар жаназа рәсіміне аста-төк дастархан жайып, шығындалатындарды сынады
Имам мен этнограф жаназаға шығындалу жөн бе деген сауалға жауап берді