"Жұмыстан шығарып жіберем": Жеңіс Қасымбек ауыл әкіміне шүйлікті
Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек азаматтарды онлайн қабылдауын өткізді. Облыс басшысы тұрғындардың шағымынан кейін ауылдардың бірінің әкімін жұмыстан шығарамын деп қорқытты.
Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұқар жырау аймағының тұрғыны дүкен салуға жер телімін ала алмай жүргенін айтып шағымданды. Әйелдің айтуынша, Самарқанд ауыл әкімдігі бұл істі 3 жылдан бері созып келеді.
Бұқар жырау аймағының басшысы Шугарашид Мамалинов автобустың бұрылатын орнына жақын жер учаскесін дүкен құрылысына беруде қиындық туып тұр деп жауап берді.
"Бұл шектен шыққан факт. Егер жерді бөліп алу мүмкін болмаса, бұл туралы 2018 жылы айту керек еді. Адамгершілікке жат. Адамдар бизнес ашқысы келеді, жұмыс орындарын ашады. Олар салықты төлер еді. Неліктен үш жыл ішінде мәселе шешілмеді? Бұрылысты 15-20 метр қашықтықта жүргізуге болады, мұны Самарқанд ауылының әкімі шешуі керек, мен сізге 20 күн беремін. Жер құрылысқа берілген немесе берілмегенін маған айтсын. Егер мәселе шешілмесе, мен Самарқанд әкімін жұмыстан шығарамын!", - деп қорқытты Жеңіс Қасымбек.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
