Жұмысшылар «Үздік механизатор» және «Үздік жүк көлігі жүргізушісі» байқауында бақ сынасты

Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Үздік" жобасы аясында "Үздік механизатор – 2025" және "Үздік жүк көлігі жүргізушісі – 2025" атты екі кәсіби байқау өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл салалар ел экономикасын дамыту бағыттардың бірі екенін ескерсек, бұл шаралар жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, кәсіби шеберлікті дамытуға және жастардың аграрлық пен техникалық бағыттарға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

"Үздік механизатор – 2025" — жер мен технологияны ұштастыра білетін мамандар арасындағы сайыс. Қатысушылар заманауи ауылшаруашылық техникасын меңгеру деңгейін, оны баптау және басқару дағдыларын, сондай-ақ тұрақты өнім алу мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті практикалық шеберліктерін көрсетті.
"Үздік жүк көлігі жүргізушісі – 2025" байқауы ауыр жүк техникаларын кәсіптік деңгейде басқара алатын үздік жүргізушілерді анықтайды. Қатысушылар маневр жасау, дәлдікпен басқару, қауіпсіздік ережелерін сақтау және жүргізушілік мәдениеті бойынша шеберліктерін ортаға салып, кәсіби деңгейлерін паш етті.

"Биыл "Жұмысшы мамандықтар" жылы екенін білесіздер. Сондықтан, жұмысшы мамандығын дәріптеу үшін "Үздік" жобасын бастап отырмыз. 15 бағыт бойынша жұмысшы мамандықтар арасында байқаулар өтеді. Солардың бірі "Үздік механизатор" және "Үздік жүк көлігі жүргізушісі" байқауы.Бұгінгі жарысқа "Астана-Жылутранзит", "Астана тазалық", "Астана-Көгалдандыру құрылысы" секілді қаламыздың коммуналдық мекемелерінің 35 жасқа дейінгі білікті жұмысшылары қатысты. Алдымен арнайы техниканың жұмысқа дайындығы мен жүргіузшілердің денсаулығын тексерілді. Сосын қатысушылардың білімі мен шеберлік машығы сыналды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар беріледі", - деді "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың әділ қазылар алқасы қаладағы Агртехникалық университеттің, колледждер, полиция департаменті және "Астана Тазалық" мекемесінің мамандары мен сарапшылары болды.

"Байқауға қатысушалар өздерінің кәсіби шенберлігі мен машығын жоғары деңгейде көрсетуге тырысты. Жалпы нәтиже жаман емес. Олар қаламыздың тазалығына тікелей жауапты мамандар, қаламыздың көрікті әрі таза болуы олардың жұмысына тіекелей байланысты. Сондықтан, байқау кезінде жылдамдықтан гөрі жұмысты орындау сапасына көбірек назар аудардық. Бұл байқау жұмысшыларды ынталандырып, жұмысшы мамандығын танымал етуге ықпал етеді. Орын алған жұмысшылардың кәсіби деңгейі өсе береді. Ортасында беделі артады", - дейді Астана қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Жол және техникалық бөлімінің аға инспекторы, полиция полковнигі Елдос Махамбетов.
Байқауға қатысқан жұмысшылар шараның өте қызықты өткенін, үлкен әсер алып, ынталанып қайтқандарын айтты.
"Астана Тазалық" мекемесінде 10 жыл қызмет етемін. Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан шара мен үшін өте қызықты болды. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.Біз үшін бір мерекедей болды, әсерлі өтті. Бар ынтамыз мен жігерімізді салып жарыстық.Біздің ізімізді басқан інілерімізге ісіміз үлгі болады, жұмысшы мамандығын дәріптеуге жақсы тәсіл деп ойлаймын", - дейді арнайы қар тазалайтын техниканың жүргізушісі Сүндет Қойбағаров.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздардың есімдері 16 желтоқсан қарсаңында жарияланады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?