Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жұмыс ұсынады және сотқа шақырылады: Алимент төлемегендерге жаңа жаза қолданылмақ

Қазақстанда қасақана алимент төлемейтіндерден өндіріп алу жүйесі өзгереді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Алимент

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі қасақана алимент төлемейтіндер туралы қаулыны өзгерту үшін жоғарғы сотпен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Министр қазір алимент өндіріп алу бойынша сот орындаушыларының жұмысын мемлекет төлейтінін айтты. Әрбір өндіріске 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш 37 875 теңге немесе 100 доллар шамасында) бөлінеді.

Министрдің пікірінше, бұл сома берешекті өндіріп алу бойынша өндірісті қозғау, мүлікті іздеу, борышкердің табысын тексеру, тыйым салу, шығуға тыйым салу, сондай-ақ бар болған жағдайда жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру секілді негізгі іс-әрекеттерді жасауға жеткілікті.

Әділет министрлігі құқық қорғау органдары жұмысына жаңа практиканы енгізуді жоспарлап отыр. Алимент төлемеген азаматқа екі мәрте жұмыс ұсынылады. Егер осы екі ретте де бас тартса немесе жұмысқа келмей қойса, борышкерлердің "қара тізіміне" енеді. 

Марат Бекетаев жоғарғы соттың нормативтік қаулылары көп жыл бұрын қабылданғанын және қазір қайта толықтыруды қажет ететініне тоқталды. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

Азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр