Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион долларлық сағат қызу талқыға түсіп жатыр

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы Отабек Умаровтың қолына таққан сағаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі yep.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: fan_otabek_muhammadalievich_

Мирзиеевтің күйеу баласы Өзбекстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарады. Умаровтың сағаты бар суретін блогер Санжар Ходжи жариялады.

Президенттң күйеу баласының таққан сағаты Richard Mille RM UP-01 Ferrari брендіне тиесілі. Оның құны 1,8-ден 2 миллион долларға дейін және коллекция саны шектеулі.

Блогер мемлекеттік қызметкерге мұндай қаражат қайдан келуі мүмкін деген таңданысын жеткізді. Сондай-ақ ол сағат құнының Өзбекстанның 32 мың тұрғынының зейнетақысына тең екенін атап өтті.

"Жалақысын қарапайым салық төлеушілер төлейтін мемлекеттік қызметкер Отабек Умаровтың сағатының құны 1 миллион 880 мың доллар. Бұл күнін әрең көріп отырған 32 932 зейнеткердің ай сайынғы зейнетақысы. Салық төлеушілердің жалақысына күн көретін мемлекеттік қызметкер мұндай сағатты қалай сатып алған?" – деді блогер Санжар Қожа.

Отабек Умаров 39 жаста. Ол Өзбекстан президентінің қызы Шахноза Мирзиееваның жолдасы. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Талқылау