Шошқаның бүйрегін салған алғашқы адам трансплантациядан кейін екі айдан соң көз жұмды
Шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегін алған алғашқы адам трансплантациядан екі ай өткен соң қайтыс болды. Марқұмға ота жасаған аурухана оның өліміне трансплантация себеп болмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ричард Слейман 62 жасында наурыз айында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті. Хирургтар, шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан еді.
Фото: Guardian
Массачусетс жалпы ауруханасының трансплантациялау тобы марқұмның отбасына көңіл айтты.
Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру операциясынан өткен алғашқы тірі адам болды.
Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын. Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген