"Жұмыс істеп тұр": Таратылған "Алтын Орда" ЖШС-ның базарға ешқандай қатысы болмай шықты
Әлеуметтік желіде “Алтын Орда Базары" ЖШС-нің таратылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Алматы облысының салық органдары түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Салық органдары бұл жұмысы іс жүзінде тоқтаған компания екенін және оның “Алтын Орда” базарына ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндірді.
"Бұл жұмыс істеу әрекеті тоқтатылған компания болатын. Компания мәжбүрлеп таратуға жатады. ЖШС есеп бермеген, экспорттық-импорттық операциялар болмаған. Сондықтан ол қызмет көрсетуін тоқтатты. Сотқа шағым түсіру арқылы компания таратылды. Барлығы бұл “Алтын Орда” базары деп ойлап қалған. Бұл басқа ЖШС меншігінде. Бұл жай ғана компанияның атауы. Алтын Орда базары жұмыс істейді”, – деп мәлімдеді салық органдары.
Еске салсақ, осыған дейін тоғыз жылдан астам уақыт бұрын ашылған "Алтын Орда базары" ЖШС-ның таратылғаны туралы ақпарат пайда болған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн