AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Алматыдағы "Алтын Орда" базары таратылды

Желіде тоғыз жылдан астам уақыт бұрын ашылған "Алтын Орда базары" ЖШС-ның таратылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын pk.adata.kz сайтының ақпаратына сәйкес,  ЖШС 2012 жылдың шілде айында құрылды. 

Кәсіпорынның заңды мекен-жайы: Қарасай ауданы, Алматы - Бішкек автожолының 15-ші шақырымы (солтүстік жағы). Сайттағы сипаттамаға сүйенсек, ЖШС тауарлардың кең ассортиментін ешқандай нақтылаусыз көтерме бағада сатумен айналысқан.

Қазақстанның сот базасындағы ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың қараша айында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот отырысы өткен. Талапкер ретінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы шағымын айтты. 

Салық қызметкерлері соттан Әлпиев Данияр Алтынбекұлы басшылық ететін "Алтын Орда базары" ЖШС-ын мәжбүрлеп таратуды сұраған. 

Сот құжатына сәйкес, ЖШС ұзақ уақыт бойы салық заңнамасында көзделген міндеттемелерді орындамаған. Алайда сот отырысына компания өкілі қатысқан жоқ. 

Осылайша, сот талап арызды қанағаттандыруға шешім қабылдады. pk.adata.kz. ақпараты бойынша "Алтын Орда базары" ЖШС 2022 жылдың 24 қаңтарында таратылды. 

"Алтын Орда" - Қазақстандағы ең ірі көтерме сауда базарларының бірі. БАҚ-тың хабарлауынша, оның жалпы ауданы 180 мың шаршы метрді құрайды. Ірі сауда нысаны 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. "Алтын Орда" базары ірі сауда желілерімен бірлесіп, ет, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді Алматы, Алматы облысының супермаркеттеріне, базарларына және еліміздің басқа өңірлеріне жеткізуді ұйымдастырады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр