Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыс істегісі келсе, елдегі заңға бағынуы керек": Министр «Арселор Миттал Теміртаудың» инвесторын ауыстыруға қатысты пікір білдірді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының инвесторы елде қала ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі министрге: "АрселорМиттал Теміртаудың" орнына басқа инвестор әкелу қаншалықты мүмкін?” – деп сауал жолдады.

Қанат Шарлапаев егерде инвестор елімізде жұмыс істегісі келсе, елдегі заңдарға бағынуы керегін айтты.

"Инвесторды ауыстыру – бұл бір инвестордың өз орнына басқа инвесторды әкелу еркі. Біреу кетіп, өз үлесін басқа бір тұлғаға беру керек”, – деп жауап берді ведмоство басшысы.

Министр компаниядағы соңғы болған қайғылы жағдайға байланысты қозғалған іс тергеу сатысында екенінін айтты. 

“Адамдар қазасына байланысты қылмыстық істер қозғалды, құзырлы органдар тергеп, тексеріп жатыр. Бұрын болған дүние туралы пікір білдіре алмаймын. Жақында адам қазасы тіркелген тосын оқиға бойынша қозғалған іс қазір тергеу сатысында тұр. Тергеу барысына пікір білдірмеймін”, – деді Қанат Шарлапаев.

Еске салайық,  бұған дейін "Арселор Миттал Теміртаудың" Қазақстандағы активтері Ресей компаниясына өтуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.   Осыдан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Лакшми Митталдың Қазақстандағы активтерін ресейлік "Северсталь" компаниясына беру туралы мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтқан болатын. 
 

Талқылау