Жұмыс беруші сырттан келетіндерді үймен қамтамасыз етуі керек - Алматы әкімдігі
Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов басқа қалалардан мегополиске жұмысқа келетіндерді жұмыс беруші тарап уақытша үймен қамтамасыз ету керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жұмыс беруші тарап басқа қаладан келетін қызметкерлерді үймен және тамақпен қамтулары қажет. Егер бұған жұмысшы өз келісімін бермесе, үйіне барып жұмыс істесің", - дейді Қожағапанов.
Бұған қоса ол Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылатынын тағы да ескертті. Дәріханалар мен дүкендерден басқа барлық сауда нысандары толығымен жабылады.
Қала тек мегополистің қауіпсіздігі мен тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер және оларды тасымалдайтын көлітер үшін ғана ашық болады.
Қаланың ішіндегі тұрғындар мен қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.
Бұған қоса шенеунік коменданттық сағат енгізілмейтінін қосты.
Еске салайық, бұған дейін 22 наурызда барлық блок-бекеттер жабылатын жайлы айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”