Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жұлма-жұлмасын шығарды: Таразда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді

Таразда питбуль тұқымды ит 54 жастағы әйелді талап өлтірді. Ит оның денесін түгін қалдырмай тістеп, жұлма-жұлмасын шығарыпты. Дәрігерлер жарты сағатқа жуық уақыт әйелге көмек көрсете алмаған. Полицейлер құтырған итті атып өлтірмейінше, әйелге жолау мүмкін болмапты. Әйел бірнеше литр қан жоғалтып, оны құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жұлма-жұлмасын шығарды: Таразда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді

Қайғылы жағдай тапа-тал түсте қаладағы тұрғын үйлердің бірінде орын алыпты. Әйелдің жанұшыра айқайлағанын естіген көршілер бірден көмекке асыққан. Олар қоршаудан үлкен иттің әйелге тап беріп, талап жатқанын көрген. 

«Бір бұрышта талап жатты. Содан сүйреп алып келді. Сол кезде сүйменмен ұрдым», - дейді көршілерінің бірі. 

Алайда құтырған итті тыныштандыру мүмкін болмаған. Ол таланған әйелдің жанына қайта-қайта барған. Жедел жәрдем дәрігерлері сол кезде әлі тірі болған зардап шегушіге көмектесу үшін шамамен жарты сағат күтіпті. Артынша полицейлерге итті атып тастауға тура келді.

Ал зардап шеккен әйел көптеген жарақатпен шок жағдайында ауруханаға жеткізілді. Ондағылар әйелді бірден ота залына алып барыпты. Алайда оны құтқару мүмкін болмады. Зардап шегуші шамамен 2 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қалғанын тіркеді. 

Анықталғандай, марқұм жалғызбасты туған әпкесінің үйінде қонақта болған. Иесі сіңлісіне араша түспек болғанымен, онысынан түк шықпапты. Әйелді өлгенше талап тастаған питбуль үш жасар болған екен. Көршілерінің сөзінше, оның адамдарға шабуылдауы алғаш емес.

«Қорқынышты ит. Есек сияқты үлкен. Өзі үлкен. Бәріне шабуылдайтын. Иесі қоршауды жауып жүретін. Қоршау ашық қалғанда, адамдарға жүгіретін. Полиция бәрін біледі. Бізді ғана емес, полицейді деп қапқан. Өткен жылы да бір адамды қапқан еді. Ол да ауруханада жатты. Ал бұл жолы мүлдем...», - дейді ит иесінің көршісі Әзиза Наурызбаева. 

Полициядағылар оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Алайда қай бап бойынша іс қозғалғаны, иттің иелері жазаланатын-жазаланбайтыны әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыз: Иттер туралы таңғажайып мәлімет >>>
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...