Жұбайы мен жаңа туған сәбиінен айырылған ақтөбелік қос қазаға фельдшерді кінәлайды

Ақтөбелік ер адам фельдшердің біліксіздігінен әйелі мен жаңа туған сәбиінен айырылып қалды деп отыр. Ол жүктілік кезінде әйелінің денсаулығында еш кінәрат та, шағымы да болмаған. Бәрі фельдшердің салған инесінен кейін басталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнасының “Информбюро” бағадрламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қара жамылған Руслан Сырлыбаевтыңтың айтуынша, жұбайы дәрігерге тұрақты түрде қаралып, денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған. Тек үш апта бұрын жүктілігінің жеті айлығында әйелдің қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем қызметін шақыртыпты. Фельдшерлер дәрі беріп, екпе салды. Содан кейін жағдайы күрт нашарлап кетті дейді.
“Қішкентай салғаннан кейін жанына батып кетті. Денесінің бәрі қызып, “қоя қойыңдаршы, салмай-ақ қойыңдаршы” дегенде олар тоқтатпады. Инені түгел салды. Содан бірден құсты. Құсқаннан кейін өкпесі сырылдап шыға келді. Зембілге салып, жеделсатымен көтеріп, сыртқа шығарып жедел жәрдеммен алып кетті”, – дейді ер адам.
Марқұм Айжан Аязбаева ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, кесарь тілігімен босанды. Кейін екі апта өткен соң көз жұмған. 10 күннен кейін шақалақ та шетінеп кеткен. Дәрігерлер науқасқа пневмония деген диагноз қойыпты. Екі бірдей жақынынан айырылған отбасы қос қазаға жедел жәрдем қызметкерлерінің біліксіздігі себеп деп отыр.
“Жақсы жүрген адам ғой. Қан қысымы 210 болса ондай күйге түспес еді. 28-і күні концертімізге бардық. Балдызым концертке апарды. Фельдшерлердің заңмен жауапқа тартылуын талап етемін”, – дейді Руслан Сырлыбаев.
- "Кесар тілігі үшін 20 мың теңге сұраған": Жамбыл облысында босанған әйел бір сағаттан соң сәбиі мен жатырынан айырылып қалды
- "Сау болса реанимацияда не істейді": Бес айлық сәбиінен айырылған ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері тексеріс бастапты. Ана мен бала өлімінің нақты себебі соның қорытындысынан кейін белгілі болады дейді.
“Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасымен. Соның бәрі де біткеннен кейін тексеру сіздерге ақпаратты береміз. Туысқандарына ақпаратты береміз. Барлығын анықтаймыз”, – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Анар Ақатаева.
Руслан Сырлыбаев отбасымен Атыраудан Ақтөбеге қоныс аударғанына небәрі төрт ай болған екен. Шетінеп кеткен сәби отбасындағы үшінші бала болған. Екі бала қазір анасыз қалды. Үлкені 18-де, кішісі жоғары сыныптың оқушысы. Марқұмның жақындары құзырлы органдарға шағымданып, кінәлілердің тиісті жазасын алғанын қалайды.
Бұған дейін Шымкентте жүкті әйелдің сәбиі жатырда жатып шетінеп кеткен еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады