Жұбаныш Жексенұлы Джеки Чанмен бірге Қытай жаңа жылы гала-концертінде өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Қытайдың Иу қаласында өткен көктем мерекесіне арналған концертте өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды хабар Insider Kazakhstan парақшасында жарияланды.
Концерт Қытайдағы басты мерекелік телешоу – Spring Festival Gala жобасының ресми алаңдарының бірінде өткен. Өнер иесі онда әлемдік деңгейдегі Лионел Ричи, Ждеки Чан секілді жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетіпті.
Биыл гала-жобаның аймақтық сахналарының бірі болып алғаш рет Иу қаласы таңдалған көрінеді. Мұндай алаңдар орталық студиямен тікелей байланысып, біртұтас трансляция аясында өңірлік мәдениет пен халықаралық қонақтардың өнерін көрсетеді.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сүйенсек, бағдарламаға түрлі елдің әртістері қатысқан. Иу сахнасы халықаралық мәдени алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа арналған арнайы бөлім ретінде ұсынылған.
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Жұбаныш Жексенұлыны ұшар алдында ішімдік ішіп, жанжал шығарды деп басы дауға қалғаны хабарланған еді.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады