Жуырда отбасын құрған Рүстем Жүгінісов әке атануға дайындалып жүр
Таяуда ғана Астанада дүркіретіп той жасаған Рүстем Жүгінісов, отағасы атанғалы өмірінің күрт өзгергенін айтады. Ақ құсын қолына қондырған әнші жігіттің, жанұясынан тағы бір қуанышты хабар жетті.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Дүбірлі тойдан кейін, нағыз отбасылық өмірдің дәмін татқан Рүстем мен жұбайы өз әсерлерімен бөлісті. Ақ босаға аттаған Айжан үшін, ағайынды Жүгінісовтердің жанұясына бірден үйренісу оңайға соқпапты.
“Әрине, басында қиындау болды. Өйткені, кілең ұлдарға, жалғыз қыз болып барып отырғаннан кейін қиын сіңісіп кету”, – дейді Рүстемнің жары Айжан Жүгінісова.
“Шыны керек өзімнің қарындасым болмаған соң, бәріміз ұлмыз ғой енді. Кішкене кейді түсінбей жатамыз, кейде еркелеп жатады. Сол кезде қатты еркеліктерін түсінуге тырысасың. Енді, болады ғой қыз болғасын күйеуіне еркелейді”, – дейді Рүстем Жүгінісов.
Ерке келін болып жүрген жұбайын Рүстем барынша демеп, білгенімше түзетіп отырамын дейді. Бүгінде отағасының уақытында шәйі демдеулі, Айжанның ата-енесінің қас-қабағы да жадыраған күйде екен.
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – дейді ғой. Айжанымыз ерте тұрады, менен ерте тұрады келіншегім. Мен кішкене еркелеп, кейін 1-2 сағаттан кейін тұрып қалатын жағдайлар болып жатады. Айжан сағат 7-де тұрып жатса, мен сағат 9-10-ға қарай тұрамын”, – дейді Рүстем Жүгінісов.
Жүгінісовтер жаняұсында жағымды жаңалық та бар. Шаңырақ көтерген жас жұбайлар, жүрегі жарылардай қуанып жүр. Өйткені, Рүстем күні кеше ғана әке атанатыны жайлы естіген…
“Кішкентайлы болғанда кезде жауапкершілігі екі еселенетін шығар. Екі есе болмаса, 10 есе болатын шығар деп ойлаймын өзім негізі. Қасымдағы үйленген достарым айтып жатады, үйленген былай тұрсын, ертең балаң болғанда мүлдем басқа әсер аласың деп. Енді, Алла бұйыртса сол күтіп жүрміз енді”, – дейді Рүстем.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлназ Жоланова жақында тұрмысқа шығатынын айтты
Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)
Дәурен Айдарқұлов кино үшін ер адаммен сүйіскенін айтты
Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес