Жұрт Ермегияевтің аукционға шықпаған көлігіне таласып жатыр
Талғат Ермегияевтің қымбат көліктерін кез-келген адам сатып ала алады. ЭКСПО-ның экс-басшысынан тәркіленген 3 бірдей темір тұлпар аукцион арқылы сатылымға шығарылғалы жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Қазір тәуелсіз бағалау компаниясы Ермегияевтің 2 Lexus джипі мен Мercedes-Benz S 500 маркалы көлігін бағалауда. Жобамен олардың нарықтағы құны 30 миллион теңге болуы мүмкін. Бұл Астанадағы екі бөлмелі пәтердің құны. Бірақ, машиналар бірінші Үкімет, министрліктер мен әкімдіктерге ұсынылады. Егер мемлекеттік мекемелерге Ермегияевтың көліктері қажет болмаса, онда электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ. Яғни, ЭКСПО-ның экс-төрғасына тиесілі болған қымбат көліктерді кез-келген адамның сатып алуына мүмкіндігі бар. Биыл маусымда Талғат Ермегияев 14 жылға сотталған еді.
Судья оның көліктерінен бөлек, Алматы мен Астанадағы жер учаскелерін, пәтерін, банктердегі жеке шотын, бірнеше компаниясын тәркілеген. 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге бюджеттен бөлінген миллиардттарды жымқырғаны үшін сотталған Ермегияев қазір Астанадағы Шанхай базарының жанында орналасқан қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтеуде.
“Біз оны www.gosreestr.kz веб-порталына ілеміз. Ол 15 күн порталда болады. Электронды аукционда бірінші бағасын көтеру әдіспен шығады, біріншіде сатылмаса, онда бағасы төмендеу әдіспен шығады. Оған кез-келген Қазақстанның жеке және заңды тұлғалары қатыса алады”, – дейді Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Ернұр Қайырбек.
Жіберіп алмаңыз:
Талғат Ермегияевтің жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды
Талғат Ермегияев 14 жыл түрмеде отыратын болды
Ермегияев “өзінің жазықсыз екенін дәлелдейтін” құжаттарды көрсеткісі келмей қалды
Ермегияев сотында қорғаушы “Сүлеймен Сұлтан” сериалының сюжетін айтып берді