Жұрт Ерке Есмаханды жасанды қас, қабақ пен ерін жасатты деп айыптады
Соңғы бірнеше жылдың көлемінде асығы алшысынан түсіп, атағы аспандап кеткен Ерке Есмахан бүгінде сұраныстағы нөмірі бірінші әнші. Әсіресе, вирусты “Қайда?” әні жарыққа шыққалы әншінің қолы гастрөл мен тойдан босамайды. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі Ерке бұрынғыдан өзгерек, деп жазады Stan.kz.
Иә, айналасы бірнеше жылдың ішінде Ерке Есмаханның репертуары түбегейлі өзгерді. Алғашқыда мағынасы терең әрі күрделі әндер айтып, таныла алмаған Ерке диалогты “Алло” әнінен кейін нағыз “жұлдызға” айналды. Содан бастап Есмаханның әнге деген талғамы мен көзқарасы өзгерді. Бүгінгі Ерке астарлы мағынасы бар, дауыс диапазонын көрсететін күрделі ән емес, керісінше көңілді әрі ырғақты әндер іздейді. Халықтың да сұранысы соған саятындай.
Әншінің репертуары ғана емес, сыртқы келбеті де айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Еркенің бұрынғы және қазіргі суретін салыстырған желі оқырмандары осылай деп дабыл қақты. Олар “Ерке жасанды қас, қабақ пен ерін жасатып алған” деп сынға алды.
Ал сіз қалай ойлайсыз?
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова өзіне ұқсайтын немересі туралы айтты
Жыл шағаласы кім: Нұртас Адамбай 2017 жылдың қорытындысын жасады
Әнші Бүркіт қайраткер атанғанын дүркіретіп атап өтті (фото)
Төреғалидың әкесі журналисті балағаттап, камерасын сындыра жаздады