Жұрт 20 жыл бұрынғы Сәкен Майғазиевті Ninety one әншісіне ұқсатты (видео)
Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің осыдан 20 жыл бұрынғы бейнесін Ninety one тобының әншісіне ұқсатты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын Сәкен Майғазиев өзінің инстаграм парақшасы арқылы осыдан 20 жыл бұрын түсірілген видеосын бөліскен еді Аталған видеодан әншінің киіну мәнері мен шаш үлгісінің қазіргіден мүлдем басқа болғанын байқауға болады. Тіпті қасы боялған сыңайлы. Мұны желі қолданушылары да байқады.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп жатты. Көпшілігі әншіге жастық шақтарындағы сән үлгісін еске түсіргені үшін алғыс айтты. Жас кезіндегі даусына да ерекше баға берді. Десе де, арасында Майғазиевтің образын әжуалап, актер Чарли Чаплинге ұқсатқандар да болды. Енді бірі оны Мұқасан Шахзодаевқа, Қыдырәлі Болмановқа, Құдайберген Бекішевке және Ninety one тобының әншісі BALA-ға ұқсатты.
“Чарли Чаплин деген нағашыңыз жоқ па еді?”, “Сәке, костюміңіз тырысып тұр ғой”, “Сәкем-ау, түріңізге не болған? Өлтіріп тұрып грим жаққансыз ба, қасыңыз Мұқасандікі, бір қарағанда сиқыршыға ұқсайсыз. Ал дауысқа сөзім жоқ”, “Костюм мен шалбар тарлау екен. Расымен, 91 тобының баласына ұқсайды екенсіз”, “Бір қарағанда Мұқасан ағаға ұқсап қалыпсыз”, “Біреудің киімін киіп алғандайсыз”, “Қасыңызды бояп алғансыз ба?” дейді желі қолданушылары.
Ал әншінің өзі видеоның тұсына “20 жыл бұрын бұл костюм мен шалбар маған тар болатын. Ол кезде осылай жабыстырып кию сәнде еді. Видео 1997 жылы түсірілген” деп жазып қойған. Аталған видео “Жас Қанат” байқауы кезінде түсірілген екен.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен пәтерден-пәтерге көшіп, суық жатақханаларда түнеген күндері туралы айтты
Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)
Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ