Журналист Мұхит Сапарбаев аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды (фото)
Белгілі журналист әрі тележүргізуші Мұхит Сапарбаев денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түсіп қалды,-деп жазды Stan.kz.

Мұхиттың әріптес досы Асқар Меңдібаев өзіңің желідегі парақшасына халықтан Мұхиттың амандығын тілеп дұға жасап қоюды сұрады.
“Қымбатты достар, кімнің мүмкіндігі бар болса Мұхит үшін дұға етіңіздерші. Мешітке жолы түскендер Алла үйінде досымызға сауығып кетуді тілеңіздер. Өткен күні досымыз Мұхит ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы айтарлықтай ауыр, аурухананың жасақтау бөлімінде жатыр. Бүтін бір күнімізді сонда өткіздік. Қымбатты досымыз ертерек сауығып, арамызға қосылса екен”,-деп жазды Асқар Меңдібаев.

Мұхиттың достарының сөзінше оның асқазаны ауырып қалған. Мұхит Сапарбаев “Таң” арнасындағы “Сұхбат” бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі еді. Қазір “Муззон” арнасындағы жаңалықтар қызметінің бас редакторы.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”