Журналист 42500 жайлы: Ереже таппай сенделген бүкіл ел ақымақ та, еңбек министрлігі ақылды болғаны ма
Қарапайым жұрт 42500 теңге жәрдемақы алу тәртібін түсінбей дал болғанда журналист Мәулен Әлғазы қарапайым тілмен түсіндіріп, халықтың жанынан табылған еді. Осы жолы да жәрдемақы тәртібін жазып, ондағы шикіліктерді айтты.
Журналист жәрдемақының қандай мұқтаж жандарға берілетінін түсінбей дал. Ол мемлекет басшысының жәрдемақыны мұқтаж жандарға міндетті түрде берілуін тапсырғанын атап көрсетті.
"Президент Тоқаев төлем мұқтаж жандарға берілсін деді. Ол санатқа кімдер кіретіні ережеде көрсетілуі керек. Маған министрліктің "мұқтаж" терминін қалай түсінетіні қызық. Ресми ақпараттан гөрі көше тілімен көп түсіндіретін сөзге шешен министрдің брифингтегі бір сөзін "бұл жолы да пособие алатындар иегін қышытпасын" деген мағынада ұқтым. Студенттер деп тағы гөйгөйлетті. Шамалап не ереже екенін елестетіп отырмыз", - дейді ол.
Мәулен Әлғазы көпшіліті тағы бір мәрте берілуі тиіс жәрдемақыны алу үшін өтініш беруге асықпауға шақырды. Ол үшін арнайы ереженің жариялануын күтті.
Айта кетейік жәрдемақы алу ережесі бүгін жария болды.
"Көптен күткен ереже бір-екі сағат бұрын ғана жарияланды. Енді министрдің аузына емес, қол қойған заңды бұйрығына қарап 42500-дің нақты тәртіптерін заңды түрде ажырата аламыз. Толық қарап, түсініп болған соң әдеттегідей телеграмдағы арнамызда нақты жолдары мен ақпараттарын жариялап отырамыз.
Пенде дегенде бір түйір ұят болсашы, шіркін. Зарықтырып күттірген бұйрығын бүгін жариялайды да, астына "дата публикации 17-июля 2020" дей салған. Сонда ереже таппай сенделген бүкіл ел ақымақ та, өткен күнмен жариялай салатын еңбек министрлігі ақылды. Ештеңе етпейді, ондай-ондайға етіміз үйреніп қалды ғой.
Ережені толық қарап шығайық, зерттейік, түсінейік, сосын төлем алуға сәйкес келетін жандар еш қысылмай тапсырып бастаймыз. Ереженің апарар сілтемені жоғарыға истории бөліміне және телеграмдағы арнаға сап қойдық. 42500 шілде дегенді бассаңыз үстінен түсесіз. Кеттік онда, ұрыста тұрыс жоқ!", - деп жазды Мәулен Әлғазы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
