Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүректен жүрек қалмады": Дариға Бадықованың науқас анасына қинап вакцина салған

Дариға Бадықова анасына қинап вакцина салынғанын мәлімдеді. Айтуынша, Мойынқұм ауылдық учаскелік медицина қызметкерлері денсаулығы бойынша тіркеуде тұрған анасына манипуляция жасап, қинаған, деп жазады Stan.kz.


Оқиға шілде айының басында болған. 

"Дәл қазір ашуым келіп, тіпті қол-аяғым дірілдеп, отырмын. Бәрін басынан бастап түсіндіріп берейін. Әңгіме былай:

Осыдан 1-апта бұрын ауылға Мойынқұмға барғанда Мамам: “Ойбай, мыналар үйге қайта-қайта келіп жатыр, не істеймін? Вакцина салдыр да салдыр деп отыр. Салдырмасаң ертең ЦОН-ға, ауруханаға, тіпті дүкендерге де кіре алмай қаласың дейді. Не істерімді білмей отырмын”, – деген еді. Сол кезде “Мама, саған салдыруға болмайды! Бір емес екі рет инфаркт алдың, инсульт алдың, бауырың үлкейген, женский жағың ол бар маткаңда үлкеен миома тұр. Кері әсерін беруі мүмкін, болмайды”, – деп келініме де алмай-ақ қойыңдаршы деп ескертіп кеткем ғой.

Осыдан 2-күн бұрын да съемкада жүріп алаңдап хабарласып, “Мама, вакцина алушы болма, иә” деп қадап айтып, телефонды қойғанмын. Енді, міне, бүгін мамамен сөйлессем, кеше вакцина салдырып алыпты. “Әй, неге аласың мама!?” деп жаным шығып кетті, сөздің шыны. Сөйтсем Мамам айтады: “Үйден кетпей қойды. Вакцина алмасаңыз болмайды деп ананы айтып, мынаны айтып, манипуляция жасап, қинады”, – дейді.

О заман да, бұ заман, тапа-тал түсте учетта тұрған ауру адамның үйіне баса көктеп келіп тұрып, қинап, ӨЗ ЕРКІНСІЗ вакцина салу деген не сұмдық!? Не сұмдық!" – деп жазған актриса Instagram-дағы 1 шілде күнгі жазбасында.



Бұдан кейін Бадықова ауылдың учаскелік медицина қызметкерлерінің нөмерлерін тауып хабарласқан. 

“Ауру адамда нелерің бар? Учетта тұрған адам ол, учетта! Қаншама қағазы бар, диагнозы бар, хронический аурулары бар! Сендердің біреудің үйіне кіріп, олай қинап вакцина салдыруға қандай құқықтарың бар вообще? Бұл ЗАҢҒА ҚАЙШЫ әрекет емес пе!?” – десем, “Біз үкіметке қарсы шыға алмаймыз. Әртіс болсаң, өзіңе әртіссің! Жұмысыңды істеп тыныш қана жүр. Біз өз жұмысымызды жасадық”, – дейді. Осы енді дұрыс па?! Ол менің отбасыма, Анама салып отыр. Мен қалай үндемей қалам?! Мен неге үндемей қалуым керек?!" – дейді Бадықова.

Бадықова бұдан кейін мүгедек інісін қинай ма деп уайымға салынғанын айтады.

"Ойбай вакцина салдыр да көлік ұтып ал, пәтерге ие бол деп неше түрлі лотерея ойнатып, адамдарды жынды көбелекше алдап-арбап жатыр. Таза масқара енді! Менің дәл қазір бар уайымым – отбасым. Білесіздер, інім инвалид. Енді кеп ініме салып кетпесе деп бар уайымым осы болып отыр шыны керек. Не істеу керек? Қандай шара бар? Кімнен көмек сұраймыз?

Қайда барып күн көреміз? Айтарға сөзім, атарға оғым таусылып отыр. Жекеге көпшілігіңіз сотқа бер депсіздер. Берер едім. Өз қазағым! Өз ауылым! Өз елім! Өз жерім! Өз бауырым! Қайтем?! Қайтпек керек?! Қарғайын десем, жалғызым, қарғамайын десем, жалмауызымның кері болды бұл", – деп толықтырды сөзін Дариға Бадықова.

Актриса вакцинаға түбегейлі қарсы емес. Алайда ол тіркеуде тұрған ауру адамдарды неге қинайтынын түсінбейді. 

"Менің кешегі постым біраз резонанс тудырып жатыр екен. Жекеге келген хаттарды оқып, комментарийге жазғандарды оқып өзім де жағамды ұстап отырмын, шыны керек. Көпшілік өз елді мекендерінде болып жатқан жағдайларды айтыпты. Учетта тұрған үлкен кісілерге, ауру адамдарға салдыртып жатыр екен вакцина.

Құрметті оқырмандар, менің бар мақсатым, бар айтпақ ойым осы болған, осыны тоқтату. Неге дені сау емес, учетта тұрған ауру адамдарға вакцина салады!?

Мен мүлдем вакцина ешкімге салмасын деген агитация жүргізіп жатқаным жоқ! Әй, салыңдар, он екі мүшесі сауларға өздерінің келісімімен, сол вакцинаны көтере алатын денсаулығы барларға салыңдар, пожалуйста! Ауру адамда нелерің бар деймін!?

Менің МАМАМА салды да кетті. МАМАМ учетта тұрған адам. Кеше тілі ұйып, давлениесі көтерілген. Бүгін қол-аяғы қақсап отыр. Мына жақта уайымдап біз жүрміз, жүректен жүрек қалмады. Менің бар айтпағым осы: ертең сол ауру адамға вакцинаның кері әсері боп қалса, бірдеңе болса, Құдай бетін әрі қылсын өліп қалса, кім жауап береді?! Кім жауап береді!? Вакцинаны салған учаскелік медсестра жауап бере ме?!

Ұзын сөздің қысқасы, халықтың ызасы, қарғысы жаман болады, айналайындар! Қырғыс алма, алғыс ал деген. Абыройдан аттап, елдің сүйкімсіз сөзіне, наласына қалған қандай жаман!? Қандай жұмыс жасасақ да, қандай мамандық иесі болсақ та, алдымен АДАМ екенімізді ұмытпайықшы. Адамшылығымызды ұмытпайық!" – деп жазды Бадықова.
 

Талқылау