"Жүрек қарс айырылды": Желідегілер баласын арбаға салып тапсырыс жеткізіп жүрген анаға іздеу салды (видео)
Әлеуметтік желіде баласын арбаға салып алып, тапсырыс жеткізіп жүрген әйелдің видеосы көптің жүрегін елжіретті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Арқасында сөмкесі, қолында бала отырған арбасы бар әйелдің видеосын желі қолданушысы парақшасында жариялады. Видеодағы әйелдің жұмысын аяқтауға асығып бара жатқанын байқауға болады. Оның жанкештілігіне тәнті болған видео авторы “Жұмыс жоқ деп әлі сылтау айтып жүрсің бе, байырым” деген жазба қалдырды. Бейнежазба 32 мыңға жуық қаралым жинаған.
Баласын қараусыз қалдырмай, жұмысқа да үлгеріп жүрген келіншектің видеосы желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Олар келіншекке көмектесу үшін оған іздеу салды.
“Мына әйелді қайдан табуға болады?”, “Алматыда тұрады, кездестірсеңдер барынша көмектесіңдерші”, “Тауып, көмектесу керек. Жетіскеннен жүрген жоқ қой”, “Қалай тапсақ болады? Қандай да бір ақпарат болса, жазыңыздаршы”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Пікір қалдырғандардың бір бөлігі әйелдің осындай күйге түскеніне еркектерді кінәласа, енді бірі бұл әйелдің өз таңдауы деп сөкті.
“Жауапкершілігі жоқ еркектердің кесірі”, “Ер адамдардың атынан кешірім сұраймын”, “Ер азаматтар, әйел, бала-шағаңды бұлай тастап кепей, қолдарыңнан келгенше көмектесіңдер”, “Баланы өзі үшін туды”, “Ойланбай бала туса осылай болады”, “Ауыр көрініс, батыр ана”, “Жүрек қарс айырылды”, – деп жазды желідегілер.
@bainemetovv02 Больно смотреть💔 #алматы #elbruso ♬ оригинальный звук - Только ты