"Жүрегім кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін": "Бетперделі жігіт" сирек кездесетін диагнозы бар қызға пәтер сыйлады
Фото: Видеодан скриншот
Қайырымдылық жасап аты шыққан “Бетперделі жігіт” денсаулығында ақауы бар қызға пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер жігіт 13 жастағы мүгедектігі бар Алимеге қамқорлық көрсетті. Ол жалғызбасты анасы және кәмелетке толмаған інісімен жалдамалы пәтерде тұрып келген. Ол өзіне қажет шетелдегі қымбат еміне анасымен бірге жасаған білезіктерін сатып, ақша жинауға тырысқан.
"Маған өте сирек кездесетін созылмалы QT интервалы синдромы деген диагноз қойылды. Кейінгі уақытта есімді жиі жоғалтып, құлайтын болдым. Маған шетелде қымбат операция жасалуы керек. Жүрекке кардиодефибриллятор орнатамыз деді. Өйткені жүрегім кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін. Сондай-ақ менің сол жақ аяғым қысқа. Таяқ ұстап жүремін. Біз жалдамалы пәтерде өмір сүріп жатырмыз. Күнде жатарда жаратушыдан маған көмек бере алатын адам жіберуін сұрап, жалбарынамын. Анам екеуміз менің еміме ақша жинау үшін браслет жасап, сатамыз", – деді Алиме.
Одан кейін қайырымды азамат оған ем-домы мен оқуы үшін қомақты қаржы беріп, баспананың кілтін табыстады. Мұндай сый күтпеген қыздың отбасы көз жасына ерік берді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
