Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі 18 минутқа тоқтап қалған: Петропавлда дәрігерлер науқасты аман алып қалды

Петропавлда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтап қалған адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

жедел жәрдем

Тыныс демікпесімен ауыратын 54 жастағы әйел кенеттен тұншыққан. Жедел жәрдем қызметі жеткенше, науқастың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер дефибрилляторды төрт мәрте қолданып, сәтсіздікке ұшырайды. Артынша қосымша дәрігерлерді шақыртып, біршама уақыттан соң әйелді тірілтіп алған.

Арнайы құрылғымен тыныс алған науқас бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

“Біз келгенде науқас ес түссіз болды. Яғни, қан айналымы мен тыныс алуы дұрыс емес болды. Біз соны байқап, бірден реанимациялық іс шараға көшіп кеттік. Не успешный реанимация менде болған жоқ. Успешный реанимация менде осы екі жылдың ішінде екінші рет болып тұр”, – деді СҚО Жедел жәрдем орталығының қызметкері Әлия Оразбаева.

Талқылау