Жұмыстан шығып қалған сатушылар алып дүкен иелерінің қитұрқы әрекеттерін айтып берді
Көп жағдайда “жабайы” базарлардағы сатушылар адамдарды алдайды дегенге етіміз үйреніп қалған. Бірақ, ірі сауда орталықтарының сатушылары да олардан қалыс қалар емес. Дәл осындай дүкендердің бұрынғы қызметкерлері жоғары жалақы үшін қандай жаман істерге баруға мәжбүр болғандарын айтып берді.
1. Тұрмыстық техника мен электроника дүкендері
Зауыттан бүлінген тауар келсе, қайта қайтарылады. Бірақ, жөнделіп келгеннен кейін бағасы екі есе арзан болады. Көптеген дүкендер оларды жеңілдетілген бағамен сатады. Бірақ, бүлінгенін айтпайды. Өтіріктің құрбаны болмау үшін тауардың этикеткасына назар аударыңыз. “REF – Refurbished” – тауардың қайта жасалғанын білдіреді. Ал дүкенде сынған тауарды тек арнайы құжатыңыз бар болған кезде ғана қайтара алатыныңызды ұмытпаңыз.
2. Ішкиімдер дүкені
Танымал дүкендер кей ішкиімді базарлардан сатып алып, оны қымбат өнімдерімен қатар қойып қояды. Шын мәнінде, мұндай комплектілердің бағасы айтарлықтай арзан екенін өзіңіз түсініп отырған шығарсыз. Сатып алушылар сапалы тауар таптық екен деп желініп қалады.
3. Азық-түлік дүкені
Азық-түлік дүкендерінің басшылары мерзімі өтіп кеткен тауарлардың этикеткасын ауыстырып сатуға мәжбүрлейді. Көгеріп кеткен шұжықтардың сырты жуылып, ашып кеткен сүттің қорабы ақырын тесіледі. Кей жағдайда мерзімі өтіп кеткен шұжықтар қайтарылып, олар жаңасымен араластырылады. Кейде тіпті фаршқа да қосылады. Ал балықтың салмағының 30-40%-ы – су. Сол себепті, таразының жанында тұрған кезде абай болыңыз. Кейде сатушылар таразының бір шетін білдіртпей басып тұрулары мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Ер адам туған қызын зорлап, өзінен 8 бала тудырған
Британиялық жігіт Африканың үстімен жүздеген әуе шарына мінгесіп ұшып шықты (видео)
Танымал актриса өзіне АҚШ-тың экс-президентінің жыныстық қысым көрсеткенін айтып шағымданды
Си Цзиньпин Қытай Компартиясының бас хатшысы болып қайта сайланды

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
