Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актриса өзіне АҚШ-тың экс-президентінің жыныстық қысым көрсеткенін айтып шағымданды

Танымал актриса Хезер Линд өзін АҚШ-тың экс-президенті үлкен Джордж Буштың өзін төрт жыл бұрын жыныстық қысым көрсеткенін айтып шағымданды.

Бұл туралы ол Инстаграмға жариялап, артынша өшіріп тастаған.

Линдтің айтуынша, мүгедектер арбасында отырған бұрынғы мемлекет басшысы бірге суретке түсу кезінде өзінің сексуалдық құмарлығын байқатқан.

“Ол маған қолын ұсынған жоқ, артқы жағымнан түртті. Сосын бір әзіл айтып, тағы да маған жанаса түсті. Оның әйелі Барбара күйеуін көзімен атып, ашу шақырды”, – деп жазады актриса.

Жіберіп алмаңыз:

Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Собчак Қырымды Украинаның жері деп атады

Студент қыз түнгі клубта секспен айналысқан видеосы тарап кеткен соң оқудан шығуға арыз түсірді

Талқылау