Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам туған қызын зорлап, өзінен 8 бала тудырған

Аргентиналық ер адам туған қызын 20 жыл құлдықта ұстап, одан 8 балалы болған. 56 жастағы Доминго Буласионың балалардың әкесі екені ДНҚ тест арқылы дәлелденді.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Буласио 2016 жылдың қаңтар айында сотталған. Ол 45 күн бойы полициядан қашып жүрген екен. Істің мән-жайы әйел кенжесін ауруханаға алып барған кезде анықталған. Ол дәрігерге ұлының әкесінің кім екенін айтуға мәжбүр болған екен.

Ер адам Лоретодағы туысқанының үйінде тығылып жүрген. Ал қыздың анасы отбасын тастап кетуге мәжбүр болған. Себебі, күйеуі оған тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткен екен.

Қазір 8 баланың алтауы Сантьяго дель Эстеродағы Ева Перон мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатыр. Бүгін қыздың анасының қайда жүргені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Британиялық жігіт Африканың үстімен жүздеген әуе шарына мінгесіп ұшып шықты (видео)

Танымал актриса өзіне АҚШ-тың экс-президентінің жыныстық қысым көрсеткенін айтып шағымданды

Си Цзиньпин Қытай Компартиясының бас хатшысы болып қайта сайланды

72 мұсылман намазда тұрған қалпында көз жұмды

Талқылау