Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қарағандылық азамат Алматыдан табылды
Полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 30 жастағы Ержан Нұркеевті тапты.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Анасның сөзінше, қазіргі уақытта Нұркеев Сәтпаев қаласындағы өз үйінде. Өзі аман-сау, тек қолында құжаттары жоқ. Әзірге Нұркеев өзінің ұшты-күйлі жоғалуына қатысты ештеңе айтпай отыр.
«Сенсеңіз, сізден артық білмеймін. Оны Алматыдан тапты. Қазір үйде. Ештеңе айтпайды. Оған қысым көрсетпеуге кеңес берді. Бір айтарым, қолында құжаты болмады. Оларды қалпына келтіруге өтініш те білдірдік. Қазір мен үшін бастысы – ұлымның аман-есен ортамызға оралғаны», – дейді Айгүл Бахтаева.
Таныстарының сөзіне қарағанда, осы уақыт ішінде Ержан Алматыда пәтер жалдап тұрған. Ол өзінің іздеуде болғанын білмепті-мыс. Оның басқа қалада немен айналысқанын ешкім білмейді.
Айта кетейік, Ержан Нұркеев 12 қаңтар күні Балхаш қаласында жоғалып кетті.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында бүлдіршін қызды азғыннан құтқарған бозбалаға марапат берілмек
Башқұрт қызы: Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытатын ұстаз болуды армандаймын
Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр
Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)