Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Башқұрт қызы: Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытатын ұстаз болуды армандаймын

Виктория Акчурина есімді бойжеткен қазір университет студенті. Ол бала күнінен қазақ тілі мен әдебиетіне қызыққан. Оның дәлелі бала Виктория қазақ ертегілерін жатқа оқып, Абайдың өлеңдері мен қара сөзіне сусындап өскен. Соның арқасында мектеп жасында-ақ облыстық жарыстарда жүлделі орындар алып жүрген.

башқұрт-қызы

Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі Виктория Акчуринамен танысып, қазақ тілін тереңдетіп оқудағы мақсатын сұраған еді.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге қызығушылығы, құрметі артып келе жатқаны баршамызды қуантады. Ұлты башқұрт, бірақ жүрегі “қазақ” деп соғатын Виктория Акчурина есімді замандасымызды әңгімеге тарттық…

— Виктория, қазақ тілін меңгеруге не түрткі болды?

— Қазақстанда тұратын әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін білуі тиіс деп санаймын. Кейбір қазақтардың өз тілінде сөйлей алмағанын көріп, жаным ашиды. Балалық шағымның қазақ ауылында өтуі қазақ тілін меңгеруіме орасан зор ықпалын тигізді. Кішкентай кезімнен-ақ ертегілерді, Абайдың өлеңдерін жатқа айтып жүрдім.

Бұл әрекетіме ата-анам еш қарсылығын білдірген жоқ, керісінше, әрдайым қолдап отырды. Мектепте оқып жүргенде әртүрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім. Жетістіктерге жетуіме қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қайроллақызының еңбегі зор. Әлі күнге дейін ұстазыммен қарым-қатынасымды үзген жоқпын.

Қашан болсын көмегін аямай, қолдау көрсетіп отыратын ұстазыма алғысым шексіз. Осыдан екі жыл бұрын мемлекеттік тілдің тұғырын биіктету жолындағы үлесім үшін Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.

— Өзіңізге үлгі тұтар тұлғаңыз бар ма?

— Әрбір адам — жеке тұлға. Ешкімге еліктемеймін, ешкімнің көшірмесі болғым келмейді. Өз мамандығымның майталманы, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы қызы болғым келеді.

— Алға қойған жоспарларыңыз қазақ тілімен байланысты ма?

— Қазіргі басты мақсат — оқуымды тәмамдап, диплом алу. Одан кейін ауыл мектебінде ұлттың ұйытқысы болатын ұстаз болу. Бұл арманыма қол жеткізу үшін аянбай еңбек етіп жүрмін. Жас жеткіншектердің, соның ішінде өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді жетік білуі үшін бар күш-жігерімді саламын.

— Еңбегіңіз жемісті болсын!

Назым Сапарова, журналист
Ақмола облысы
Зеренді ауданы

Оқи отырыңыздар:

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

Ауруға шалдықтыратын сөздер

Бағлан Әбдірайымов: Бір Мырзаханға қарап соншама еңбекті тастап кете алмадық

Талқылау