Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмбақ өлім: Семейде 38 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды

Семейдегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. 38 жастағы әйел бесінші қабаттың балконынан құлап, көз жұмды. Әйел жедел жәрдем қызметкерлері жеткенге дейін бақилыққа аттанған.

Жұмбақ өлім: Семейде 38 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм құламас бұрын бірнеше секунд бойы ілініп тұрған. Оны кездейсоқ тұрғындар телефонға түсіріп үлгерген.

Көршілерінің айтуына қарағанда, бесінші қабатта тұратын әйел отбасымен бірге жақында ғана көшіп келген. Ал ол балконда ілініп тұрған кезде үйде күйеуі болған. Бір қызығы, көршісі көмекке келгенде үйдің есігі құлыптаулы болған. Ал кейіннен азамат жұбайының құлап кеткенін айтқан.

“Әлгі еркек әр жағынан кілтпен есікті ашты. Ашты, шықты, қайта жапты. Ал біздің ұл одан сұрады құлады ма деп, ол құлады деді. Енді есігіңді неге жабасың біреу тонайды ма, астыға түс дегенде, астыға жүгіріп кетті”, – дейді тұрғындардың бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 04 Қаңтар, 2019 21:23
Талқылау