Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім
Актриса Жұлдыздай Дүйсенбиева жасы 35-ке келсе де әлі күнге дейін ата-анасынан сескенеді. Оларға ашылып сырын айтпайды, тіпті, әкесінің көзіне тура қарамайды.
Бұл туралы Астана арнасының «Аналар» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ол жасы отыздан асқанда тұрмыс құрды, нәрестелі болды. Бүгінде жолдасы екеуінің Аянат есімді қыздары бар. Елдің еркесіне айналған Жұлдызай бүгінде бір әулеттің келіні. Десе де ол ененің қолында тұрып, келіннің «қиыншылығын» көрмеген. Жұлдызай ата-енесімен бірге небәрі екі күн тұрған.
«Одан кейін ол кісілер ауылда қалды, біз жолдасымның жұмысы бойынша Алматыға кеттік. Ол жақтағылар маған аса қатал болып жатқан жоқ. Елдің қызы болғаннан кейін ол кісілер де еркелетеді. Атамыз, тіпті, ештеңе жасама дейді. Енем артық ештеңе айтпайды. Тіпті, тамақты өзі жасап тастайды. «Өздерің 1-2 күнге келгенде қонақ болыңдар, отыра бер» дейді. Үйде келін бар, қайныларым ерте үйленіп кеткен. Аса көп қиындық көре қойған жоқпын», – деп түсіндірді Жұлдызай.
Ал өз ата-анасына Жұлдызай ашылып сөйлемейді.
«Біреулерге адуынды, мінезді болып көрінетін шығармын. Бірақ әлі күнге дейін әкеме де, шешеме де тура қарап ештеңе айта алмаймын. Кейде айтылуы керек нәрсе болса, өзімнен кейінгі сіңлілеріме айтқызып жіберемін.
Қазір жасым 35-ке келсе де, папама артық асып ештеңе айта алмаймын. Мамам осында болғанда телефон соқса, мамамнан бұрын телефонды да көтермеймін. Ол менің сыйлағандығым, құрметтегендігім. Мен, тіпті, аяғым ауыр кезде әкемнің көзіне көрінбеуге тырыстым, тіпті көрінбедім. Тәрбие солай», – дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш “Грэмми” марапаттауында қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті (видео)
Қайрат Нұртастың анасы: Жаңа фильмде танымал адамдар болмайды
Ауыл мұғалімі Ninety one тобын жақтаған Нұртас Адамбайды балағаттап тастады
Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)