Жұлдыз Әбдікәрімова желіден алғашқы ресми парақшасын ашты (фото, видео)
Иә, енді Қайраттың елден жасырар құпиясы жоқ! Бұдан былай ол сүйікті жары Жұлдызды жанынан тастамайды. Кино тұсаукесерін өткізген соң феномен әнші мен оның анасы желідегі парақшаларына Жұлдыздың суретін жүктеді, деп жазады Stan.kz.
Гүлзира Айдарбекова бұған дейін берген уәдесінде тұрып, Жұлдыздың ресми парақшасын жария етті.
“Құрметті оқырмандарым! Жұлдыздың атынан 70-ке жуық алаяқтардың жалған парақшалары ашылған болатын. Бір қызығы “Мына жерде қобалжып тұрғаным” деген сияқты фейк бола тұра, Жұлдыздың өмірін қиялмен сүріп жатқандар күн санап көбеюде. Подписчик тез арада жинап сол парақшаны сатып ақша жасау пиғылдарымен. 30 дан аса жалған парақшаларды жойдық, әлі жартысы бар. Сол себепті, мен сіздерге уәде бергендей, нағыз парақшасын сіздерге белгілеп көрсетпекпін”, – деп бөлісті ол оқырмандарымен.
Өз кезегінде Қайрат Нұртас та жарымен түскен бірнеше суретін жүктеп, әйел адамның отбасындағы маңыздылығы туралы сөз еткен.
Ал Жұлдыз Әбдікәрімова ақ тілектерін жолдаған жандарға шексіз алғысын білдірді.
Айта кетейік, Әбдікәрімованың парақшасына бір күнде 150 мыңға жуық адам жазылған.
Жіберіп алмаңыз:
Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін
Қайрат Нұртастың жаңа фильміне “18+” шектеуі енгізілді
Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді (фото, видео)
Дастан Оразбеков босану кезінде әйеліне серіктес болатынын айтты