Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Балаларым бос болмас үшін уақытты тығыз жоспарлап қойғанмын

Жұмысы тығыз кестеден тұратын Қайрат Нұрастың, ұл-қыздарының да уақыты тапшы екен. Мектептен тыс, түрлі үйірмелерге жазылған балалардың, қатарластарымен ойнауына рұқсат жоқ. Осы   ауыртпалықтан шаршаған олар, ағасына мұңын шағатын көрінеді!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Маған жылап жатады: «Аға, біз шаршадық!» – деп. Өйткені, олар сабақтан шығады. Біреуінде би, біреуінде пианино, біреуінде ағылшын… Жалғыз ғана бір демалатын күні бар. Жексенбі күні демалады”, – дейді Қайраттың інісі Заңғар Нұртасұлы.

Иә, Қайраттың ұл-қыздары ата-анасына айта алмаған сырларын, анда-санда әншінің інісіне ақтаратын көрінеді. Ал, балаларының әр қадамын жіті қадағалап, оларға тығыз кестені түзіп берген аналары…

“Бала егер бос болып қалса, жаман ой кетеді. Телефон болсын, теледидар болсын. Болмайтын бір нашар дүниелер көріп қалады. Сондықтан, мен балалардың уақытын өте тығыз қылып қойдым.  Кешке келетіндей қылып”, – дейді Жұлдыз.

Әншінің тұңғышы Сезім, сабақтан соң фортепионоға бет алса, екінші қызы Алау заманауи би үйірмесіне қарай тартады. Үлкен атұстары Нарұл суға жүзу секциясына жазылса, кенжесі Хан күндізгі уақытта балабақшадағы тәрбиешілердің қадағалауында екен. Төрт перзентін кішкентайынан түрлі үйірмелерге тіркеп қойған жұлдызды жұп, олардың өнерге келуін құп көрмейді.

“Негізі мен балаларымды оқу жағына бергенмін. Бәрі жақсы мектепте оқиды. Ал ән, фортепиано, домбыра оның барлығы жай хоббилері болып қалады. Мен шынымды айтсам, өзімнің отбасымды, кішкентайларымды өнерге бергім жоқ”, – дейді Қайрат.

“Себебі ең бастысы білім. Білімді біз алдыға қойғанбыз. Өйткені біліммен қатар қосымшаларын алып жүреді ғой. Бала үйге шаршап келеді. Тек қана тамақ ішіп, сабағын бір қайталап, ұйықтау. Таңертең азанда тұрып кету”, – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ал, балалық шақтың ойынын, білімге алмастырған Қайраттың ұл-қыздары, кейін осы еңбектің жемісін жейтіні сөзсіз! Өйткені, болашақтың кілті – білімде!

Тағы оқыңыз: 

Баланы қоқысқа тастайтын өзіміз: Баян Алагөзова бар мәселеге билікті кінәлайтындарға назын айтты

Бүркіттің жары Аиша үшінші перзентін суда босанбақшы

Француздың ұлы Мұхаммед: Тамара Асар шетелдіктер асырап алған қазақ баласының аянышты тағдырын баяндады

Әкесін үлгі тұтады: Иманбаева ұлының Сәбит Әбдіхалықовпен ара-қатынасы жайлы айтты

Талқылау