Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүктілігіне 6 ай болған: Қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды

Бразилияда қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды. Бұл кезде ол жүктілігінің алтыншы айында жүрген екен. 

Жүктіліктің 6-ншы айында жүрген: Қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

30 жастағы Джессика Гуедес лимузинмен өз тойына кетіп бара жатқан. Алайда шіркеуге барар жолда кенеттен жағдайы нашарлап кетіпті. Оның басы айналып, мойны ауыра бастаған. Артынша есінен танып қалады. Бұл кезде туыстары ол қатты қобалжығаннан ауырып қалды деп ойлаған. 

Джессиканың 31 жастағы күйеу жігіті – өрт сөндірші Флавио Гонсалвез қалыңдығын шіркеуде күткен. Лимузин шіркеуге жеткенде, көліктен қалыңдықтың туыстары айқайлап атып шығып, көмек сұрапты. 

Жүктіліктің 6-ншы айында жүрген: Қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды

Күйеу жігіт лимузинге барғанда Гуедес есін жиған. Ол жағдайы жақсы екенін, тек арқасы мен мойны ауырып тұрғанын айтады. Гонсалвез сүйіктісін лимузиннен алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Артынша қалыңдықты Сан-Паулудың орталығындағы перзентханаға алып барыпты. Алайда артынша жағдайдың ауырлығын ескеріп, оны жекеменшік перзентханаға ауыстырған.

Жүктіліктің 6-ншы айында жүрген: Қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды

Дәрігерлердің сөзінше, әйел инсульт алған. Жүктілік кезіндегі асқыну және ішке қан кету салдарынан хирургтар Джессиканың жатырын алып тастауға мәжбүр болды. Олар жағдай ауыр болғандықтан, 29 апталық шақалақты құтқару үшін, шұғыл түрде кесір тілігін жасапты. Осылайша, салмағы 930 грамм, бойы 34 сантиметр болатын қыз бала өмірге келді. Оған София деп ат қойған. Өкінішке орай, жас босанған әйел отадан кейін қайтыс болды. 

Жүктіліктің 6-ншы айында жүрген: Қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды

Гуедестің туыстары оның дәрігерге уақытылы қаралып, дені сау болғанын айтады. Ол белсенді болатын, жақсы тамақтанатын, дейді. 

Ауыр жағдайдан кейін Гонсалвез жалғызбасты әке болып қалды. Оның қызын жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөліміне орналастырған. Ол сол жерде кемінде екі ай жататын болады. 

Ер адам болған оқиғаға әлі күнге дейін сене алмайтынын айтады. 

«Ешқашан таусылмайтын мұңлы фильмге тап болғандаймын», - дейді ол.

Жүктіліктің 6-ншы айында жүрген: Қалыңдық өз тойына бара жатып көз жұмды

Гонсалвезтің әріптестері оның медициналық шығындарын жабу үшін, ақша жинап берді.

Қара жамылған отбасы Джессиканың тілегін орындап, оның азғаларын донорлыққа алуға рұқсат берді.

Талқылау