Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүкті әйелге оңай емес": Жұлдыз Әбдікәрімова үйіндегі жөндеу жұмыстарын көрсетті

Жұлдыз актрисаФото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйінің жөндеу жұмыстарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі балаларымен бірге жаңа пәтерге көшетінін айтқан еді. 

“Жалғыз емеспін ғой, бөпеміз екеуміз әйтүп-бүйтіп бітіріп жүрміз. Бірақ үнемі солай болған. Тек осы жолы сыртымда – төртеу, ішімде – біреу. Әрине, жүкті әйелге құрылыспен жүру оңай емес. Бірақ балаларға жауапкершілікті өз мойныңа алған кезде ештеңеге де, ешкімге де қарайламайды екенсің! Оның үстіне өсіп қалған балаларың барда, еріксіз өзіңді қамшылайсың да, тек алға қарай жүресің! Бұл да өтеді..." – деп жазды актриса. 



Айта кетейік кино жұлдызы жиһаз жасайтындарға алданып қалғанын жазған едік. 

"Осыған дейін (2 жыл бұрын) жарнамасы жар салып тұрған компанияға сеніп, жиһазға тапсырыс бердім. Келісім шартқа отырып 70 пайыз төлем жасадым. Уәде еткен уақытта тапсырысымды әкелмегені былай тұрсын, маған мүлде жауап бермей, аяғында мені блокқа тығып, қашып кетті. Келісімшартта көрсетілген мекенжай жалған болып шықты. Бұдан да сабақ алдым! Қазір тек көзімді жеткізіп барып тапсырыс беремін деп шештім", – деп жазды. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 11:13
Талқылау