"Махаббат болмаса бесінші баласы кімнен": Қайрат Нұртастың отбасы туралы жазбасы қызу талқыға түсті

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Отбасылы болған жақсы, бірақ оның іші мейірім мен махаббатқа, ортақ келісім мен өзара түсіністікке толмаса бәрі бекер", – деп жазбаны бөлісті әнші.
Желі қолданушылары әншіге жары Жұлдыз Әбдікәрімованың көңілін табуға кеңес берді.
“Махаббат болмаса бесінші баласы кімнен?!”, “Бесінші баланы күлге аунап тумайтын шығар?!”, “Жұлдыз жақсы әйел, көңіліне кірбің салма”, “Отбасың аман болсын”, “Байлар да жылайды деген – осы”, “Бүкіл байлық осыларда, неге қайғырады екен?!”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, әнші Қайрат Нұртас бесінші рет әке атанатынын жары Жұлдыз сүйіншілеген еді.
“2025 жылға менің жоспарым болған. Алайда… Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы”, – деп жазды актриса.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады