Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына гендер пати жасауға қатысты ойын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Қазақстандық актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысын білу үшін гендер пати жасамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актрисаның айтуынша, қазір үлкен қызының мектеп бітіруіне байланысты шаруалармен айналысып жүр.
Қарнымдағы бөпеме: "Сабыр ет, асықпа. Сыртта жүрген балалардың шаруасын реттеп алайын. Мен – жалғызбын, ал сендер – бесеу болдыңдар" деп айтамын”, – деп жазды ол.
Ал гендер пати өткізу туралы сұраққа Жұлдыз ашық жауап берді. Ол мұндай кеш ұйымдастыруға қарсы емес екенін айтты.
“Бұл туралы ойымда бар. Құдай қаласа, егер сіздер қызық идея ұсынсаңыздар, гендер патиді бірге өткіземіз”, – деп жазды актриса.
Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімованың ерекше образы жұртқа жақпай қалған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған