"Кабинетіне қымбат жөндеу жұмыстарын жүргізген": Қостанайда журналистерге облыс әкімі орынбасарының кеңсесін тексеруге тыйым салынды
Қостанайда облыс әкімі орынбасарының кеңсесі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: gov.kz
2024 жылдың қараша айының соңында шенеуніктердің бірінің кабинетінде кедергісіз жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы ақпарат тарады. Онда 2024 жылдың шілдесінде қызметке кіріскен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина есімі айтылады.
Ақпаратқа сәйкес, ол қызметке тағайындалғаннан кейін бірнеше ай өткен соң кеңсесіндегі құрылыс нормаларын бұзып, қосымша жуынатын бөлме орнатқызған.
"Көпқабатты тұрғын үйдің дәлізіне дәретхана орнатқан. Ал ең жақын кәріз құбыры ғимараттың басқа жағында орналасқан", – делінген ақпаратта.
Дегемен облыстық әкімдік Мұсағазинаның кеңсесінің қабырғалары ғана сырланғанын айтты. Оның үстіне жөндеу жұмыстарына шенеуніктің өзі ақша төледі дейді.
- “Сіз қандай әкімсіз”: Ақтөбеде тұрғынды кабинетінен жұлқылап қуып шыққан әкім қатаң сөгіспен құтылды
“Шығын көлемі бізге белгісіз. Бірақ үй-жайдың жалпы стилі бұзылмады. Әкімдік ғимаратындағы жуынатын бөлмелер бәріне ортақ қолданылады. Кәріз жүйесі қайта жөндеуден өтпеген. Кеңсенің іші өзгерген жоқ, жиһаздар да орнынан қозғалмаған. Соңғы екі жылда басқа орынбасарлардың және әкімнің жеке кабинеттерінде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген", – делінген Қостанай облысы әкімдігінің хабарламасында.
Ақпаратты тексеру үшін журналистер әкімдікке әкім орынбасарларының кабинеттерін аралауды сұрап сауал жолдаған. Алайда үкіметтің құпия қаулысына сәйкес, журналистерге рұқсат берілмеген.
Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы әкім орынбасарларының кеңселері шектеулі аумақтар санатына жатқызылатынын айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді.