Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар алаяқтарға шағымданып жатыр: Алаяқтар тек ЖСН-ді білу арқылы сіздің атыңызға несие рәсімдей ала ма?

Қазақстандықтардың интернет алаяқтарға шағымы күн санап артып келеді. Осыған байланысты ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қаржы ұйымдарында микрокредит ресімдеудің тәртібін түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ақшаМарина Бескровная есімді желі қолданушы өзінің қалай алаяқтар құрбанына айналғанын айтып берді. Ол танымал ОЛХ сайтында балалар орындығын сатқысы келген. Көп ұзамай сатып алушы да табылып, мекенжайын сұраған. Бірақ кейін келе алмайтынын айтып, IBAN шотын және фамилиясын сұраған. Одан әрі «Каспи» терминалы арқылы аудару үшін ЖСН нөмірін сұраған. Әйел ешнәрседен күдіктенбеген.

«1 қыркүйекте таңғы сағат 7-де ол кездейсоқ маған 90 000 теңге аударғаны туралы жаза бастады. Кереует сатып алғысы келген екен, төлемді шатастырыпты. Көңілі түсіп, ақшаны қайтаруды сұрады.  
Маған басқа біреудің ақшасының қажеті жоқ, аударманың қай жерден алынғанын анықтадым, расталды. Қайтару үшін каспи сұрадым. Ол досының нөмірін жіберді. Оның ақшасын аудардым», - дейді әйел. 

Сөзінше, ол қызы орындықты сол күйі сатып алмаған. Ал қазанда Марина Бескровная атынан несие алынып, оны төлеу уақыты кешіктірілгенін білген.

«Ол менің атымнан микрокредиттік ұйымнан несие алған. Онлайн. Алматыда орналасқан "Кредит Севен Казахстан "МҚҰ" ЖШС сертификатсыз, фотосуретсіз, менің телефон нөмірлерімсіз және жалған поштамен ақша берген», - деді Марина Бескровная.

Ол өзінің төлем қабілеті жеткілікті емес екенін, басқа да несиелері бар екенін атап өтті.

Марина Бескровная өзін алдаған әйелмен байланысқан. Ол сот үкімі болған жағдайда ғана несиені төлейтінін мәлімдеген.  

Жәбірленуші барлық хат-хабарларды, чектерді, фотосуреттерді жинап, өтініш жазды. Нәтижесінде ол алаяқтық қармағына ілінген жалғыз адам емес екенін анықтады. Адамдардың атынан несие алып жүрген әйел 6 баланың анасы болып шықты. 

Марина Бескровная істі соңына дейін жеткізуге ниетті. Ол арнайы топ құрған, қазірдің өзінде онда 13 адам бар. Марина өзге де зардап шеккендерді іздеп жатыр. 

Сонымен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, қарыз алу үшін тұтынушы мынадай құжаттар мен мәліметтер береді:  

1. Микрокредитті пайдалану мақсаты туралы, өтініш берушінің микрокредитті өтеу және сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін берілетін, құны көрсетілген мүлік туралы не қамтамасыз етудің жоқ екені туралы мәліметтер көрсетілген өтініш.

2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, туылған күні, құжаттың нөмірі, құжатты берген орган, берілген күні және қолданыста болу мерзімі көрсетілген).

3. Өтініш беруші өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттар (өтініш берушінің өкілі үшін).

4. Егер берілетін микрокредит кепіл мүлкімен қамтамасыз етілетін болса, онда кепіл туралы шарт, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

5. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін қажетті құжаттар мен ақпарат.


Қаржылық қызметтер онлайн көрсетіле бастағаннан бері тұтынушылар микрокредитті электрондық тәсілмен ресімдей бастады. Мұндай операциялар клиенттің микроқаржы ұйымының мобильдік қосымшаларындағы жеке кабинетінде немесе терминалдарда жүзеге асырылуда. 

Ұйым электрондық тәсілмен микрокредит бергенге дейін клиентті тиісті түрде тексеруге, оны қарыз беру қағидаларымен таныстыруға, микрокредит алуға және қайтаруға байланысты төлемдер және ақша аударымдары туралы толық және жан-жақты ақпарат беруге, төлемдер кестесімен таныстыруға және микрокредит бойынша төлемдерді таңдау әдісін ұсынуға міндетті.

"Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап Агенттік азаматтарды алаяқтық іс-әрекеттерден сақтандыру үшін электрондық тәсілмен микрокредит беруге қатаң талаптар белгіледі. ЖСН туралы мәліметтердің болуы микрокредит беру туралы шарт жасау үшін жеткіліксіз. Микрокредит берудің алдында ұйым клиенттің жеке басын анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуге, өтініш беруші екендігін және оның еркінің мазмұнын растайтын қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға тиіс", - деді ҚНРДА Әдіснама және пруденциялық реттеу департаментінің директоры Ерлан Сейілов.

Микрокредитті электрондық тәсілмен беру туралы шарт клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасы және (немесе) көпфакторлы аутентификаттау арқылы, яғни кемінде екі түрлі өлшемді, оның ішінде пароль таңдау мен енгізуді, цифрлық сертификаттарды, токендерді, смарт-карталарды, биометриялық өлшемдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын аутентификаттау арқылы жасалады. 

"Бұл талаптарды сақтамаған ұйымдарға заңға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға дейін ықпал ету шаралары мен санкциялар қолданылады. Кез келген жағдайда, тіпті егер сізге өзіңіз алмаған, заңсыз қарыз ресімделген жағдайда, аталған мәміле жарамсыз деп танылады, яғни сіз оны өтемейтін боласыз. Сонымен бірге ол сіздің кредит тарихыңызға әсер етпейді", - деп қорытындылады Ерлан Сейілов.

STAN.KZ
Жұма, 16 Қазан, 2020 16:21
Талқылау