Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолымыз екі бөлек" деп ойладық": Айжан Байзақова күйеуімен жиі ренжісіп қалатынын жасырмады

Танымал блогер Айжан Байзақова отбасындағы кикілжіңге қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Желі жұлдызы жолдасымен қатты ренжісіп қалатынын жасырмады. 

“Мына суретке үлкен жанжалдан кейін ертесіне түстік. Сол күні ұрысқанда бәрі бітті, жолымыз екі бөлек деп ойладық. Алайда таңертең түк болмағандай бірге тауға барғанбыз. Біздің жанұяда бірінші болып Нұрбек татуласады. Ал мен ашуым мен ренішім тез тарқайтын адаммын", – деді Айжан Байзақова. 



Одан кейін блогердің күйеуі әлеуметтік желіде жұбайлар арасындағы қарым-қатынас адамның мінезіне байланысты екенін айтқан еді. 

“Ұрысқа уақыт кетірмей, бір-біріңді қуантатын, сүйіспеншілікке толы сәттерді көбірек өткізу керек. Жай ғана жақсы қарым-қатынас орнатып, бір-біріңе жылы сөз айтып, құшақтасып жүрген жақсы", – деген еді Нұрбек Арыстан. 

Еске салайық, блогер Байзақова бала үшін өмір сүрмеуге кеңес беріп, желіні шулатқан еді. 

@aizhanbayzakova

 

♬ оригинальный звук - bayzakova
Талқылау