Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең қорқынышты рейс болды". Жолаушыларға толы ұшақ Павлодарда бір сағаттай көкте айналып жүрген

Алматыдан шыққан жолаушылары бар ұшақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты Павлодарда бір сағатқа жуық көкте айналып жүрген, - деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде павлодарлықтар қаланың әртүрлі аудандарын айналып, төменгі биіктікте ұшқан ұшақты қызу талқылауда. Қала тұрғындарының көпшілігі жолаушылар үшін қатты алаңдағандарын айтады.

"Ұшақ төмен ұшқандығы соншалық, енді кішкенеден соң құлап кететіндей көрінді. Мен қорқынышты нәрсе болады деп қорықтым", - деп жазды қолданушылардың бірі Instagram-да.

Белгілі болғандай, FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында Алматы-Павлодар рейсіндегі ұшқан жолаушылардың өздері де қатты толқулар мен қорқыныш сезімдерін бастан кешірген.

"2015 жылдан бері мен шамамен 14 рет ұшақта ұштым, бірақ бұл ең қорқынышты рейс болды. Біз найзағай арасында ұшып, бірнеше рет турбуленттікке тап болдық. Менде қорқыныш болды, оны балалар мен күйеуімнен жасыруға тырыстым. Сағат 18.00-де біз кесте бойынша Павлодарға дейін жеттік, бірақ 50 минуттан кейін ғана қондық. Осы уақыт ішінде біз қаланы көкте айналып жүрдік", -дейді жолаушылардың бірі.


Атыраудағы қара түтін шашып жүрген ұшақ туралы жергілікті әуежай басшысы айтып берді 


Айтуынша, ұшқыш жанармай тағы бір сағатқа жетеді деп сендіруге тырысқан.

"Айналып жүріп, дұға еттік. Ауа райындағы қолайсыздықтар жанармай бітпей тұрып тоқтасын деп дұға тіледік. Ұзақ уақыт айналуға тура келсе ше? Осы кезде ұшқыш тағы он минут айналамыз, басылмаса, Нұр-Cұлтанға барып қонамыз деді. Бірақ менің ойымда тек аман қалу болды", - деп еске алды жолаушы.

FlyArystan авиакомпаниясы Tengrinews.kz-ке берген түсініктемесінде жағдайдың ауа-райының қолайсыздығына байланысты орын алғанын айтты. Сонымен қатар жағдайды штаттық деп атады.

"25 шілдеде FlyArystan әуекомпаниясының КС 7131 Алматы - Павлодар рейсі 40 минутқа кешігіп қонды. Оның себебі Павлодар аэродромында қалыптасқан найзағай болды. Бұл ауа райы өзгеруі мүмкін штаттық жағдай және мұндай жағдайларда авиакомпанияның кәсіби ұшқыштары қосалқы әуеайлаққа қону немесе кету туралы дербес шешім қабылдайды. Бұл жағдайда тәжірибесі он жылдан асқан кәсіби экипаж белгіленген ұшу және қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес әрекет етіп,  ауа райының қолайсыздығын басылуын көкте күткен", - деп түсіндірді әуекомпанияда.

 


 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр