"Жолаушылардың өміріне қауіп төніп тұр": БҚО-да теміржол қызметкерлері президенттен көмек сұрады
Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау ауылында жұмысынан қысқарған теміржол қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бұл іске араласуын сұрады. Олардың сөзінше, жолсеріктердің жұмыстан кетуі үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме беріп.
"Біз 2017 жылдан бері темір жол өткелдерін күзетіп келеміз. “Тальго” Орал – Нұр-Сұлтан бағытындағы жүрдек пойызы біздің темір жол бойымен өтеді. Биыл 13 мамырдан бастап өткелді күзетудің тиімсіздігіне байланысты бізді жұмыстан шығарып жатыр.
Осы мәселеге араласуыңызды сұраймыз, себебі "біздің басшылық бұл әрекетімен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсінбейді. Өткелдегі кезекшілер жұмыстан шығарылған жағдайда біздің басшылық жолаушыларға қауіп төндіреді. Темір жол өткелдерінен күн сайын көліктер өтеді, мал айдалады", – дейді олар видеода.
Белгілі болғандай, видео 1 мамырда түсірілген. 2 мамырда Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев бұл мәлімдеме бойынша таңертең жиын өткізгенін айтты. Сондай-ақ ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығының бірлескен кездесуі жоспарланғаны анықталды.
Бисембаев бұл мәселені әкімдік бақылауға алды деп сендіруде. Сондай-ақ ол қызметкерлердің қысқартылмайтынын, бірақ, ең алдымен, оларға балама жұмыс ұсынылатынын айтты. Әкім орынбасары бірлескен отырыстан кейін толығырақ ақпарат беруге уәде берді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
