AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлі жүрмін қаңғып квартирада": Талдықорғанда көп балалы анаға баспанасын тек құжат жүзінде беріп, тізімнен шығарған

Талдықорғанда көп балалы ана кезегі бойынша тиесілі үйін құжат жүзінде үй алып, алайда іс жүзінде алмаған. 12 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған алты баланың анасы Нұрипа Матышева осындай келеңсіздікке тап болды. Соның салдарынан енді ол не бұрынғы үй кезегіне тұра алмай, не берілген баспанасына кіре алмай жүр. Ал әкімдіктегілер мұндай қателік қайдан және кімнен кеткенін өздері де білмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Нұрипа Матышева

59 жастағы Нұрипа Матышева өзіне үйдің берілгенін кездейсоқ білген. Әкімдікке баспана кезегін білмек болып кезекті рет барғанында, мамандар оған кезекті егов порталы арқылы бақылаңыз деп кеңес берген. Келіншек көп ұзамай егов сайтына кіріп, өзіне баспана осыдан үш жыл бұрын берілді деген мәліметті көріп таңғалған. Алып-ұшып әкімдікке барса, ол жердегілер "сізге үй берілген" деген қағазды қолына ұстатқан.

“Құжат бойынша берді. Очередтен сызып тастады үй берілді деп. Еговтан да, ЖКХ-дан да шығып тұр. Ал шынына келгенде мен әлі жүрмін қаңғып квартирадан квартирада”, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Нұрипа Матышева.

Ал Талдықорған әкімдігіндегі Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мұндай сұмдыққа кімнің кінәлі екенін айтпайды. Бірақ, құжат жүзінде Нұрипа Матышеваға үй берілгенін мойындап отыр. Құжат бойынша алты баланың анасына Талдықорғандағы Болашақ шағын ауданында орналасқан нөмірі 33 үйдің, 31-ші пәтерінен бір бөлмелі баспана берілген. Ал шын мәнісінде ол пәтерде керісінше қазір үй кезегінде тұрған басқа адам тұрып жатыр екен. Ол адамның бұл үйді қалай алғаны белгісіз. Баспанасына барғанымызда есігін ешкім ашпады. Көршілері олардың тек түнгі уақытта келетінін және жиі көрмейтіндерін айтты. Ал әкімдіктегілер жағдайды тексеріп, реттейміз деуден әрі аспады.



“Ана кісіні очередьке восстановить етеміз, ана кісіні үйінен шығарамыз, бұл кісінің орнына үй алған. Ал бұл кісінің өзіне кезексіз үй бере алмаймын. Ол заңсыз болады”, – дейді Талдықорған қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрым Әлиұлы.

Ал, үш жыл бұрын құжат жүзінде үй алып, шын мәнісінде далада қалған көп балалы Нұрипа Матышева мұндай олқылыққа жол берген жауаптылар жазаланса дейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр