AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жасында төрт бала босанған: Нұр-Сұлтанда көшеде қайыр тілеген көп балалы анадан сәбиін тартып алған

Нұр-Сұлтанда көпбалалы ананың 3 айлық баласын полицейлер тартып алып, сәбилер үйіне өткізген. Күйеуімен ажырасқан 23 жастағы тұрғын құжаттары болмағандықтан қайыр сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

4 баланың анасы 23 жастағы Яна Кардян құжаттары болмағандықтан жұмысқа орналаса алмай, қайыр сұрауға мәжбүр болған. Сәбиіне қарайласатын адам болмағандықтан ол оны өзімен бірге алып жүрген. Үш ай бұрын Яна мешіт алдында қайыр сұрап жүргенде полиция қызметкерлері келіп, оны бөлмішеге алып кеткен. 

“Қызметкерлер мені жеңіл жүрістісің деп айыптады. Алайда мен ішімдік ішпеймін. Мені көпшілік адам біледі. Мен өз балаларымды ренжіткен емеспін. Балаларым жылы жерде, қарындары тоқ, киімдері таза. Мен мемлекеттен және әкімдіктен құжаттарымды жасауға көмек берулерін сұраймын”, – деді Яна.

Ананың еңбекқорлығы мен дұрыс өмір салтын ұстанғанын достары мен таныстары растайды. Олар Янаның отбасындағы болған оқиғаға таңғалғандарын айтады. 

“Мен оны көптен бері танимын. Ол ешқашан ішімдік ішпейді, шылым шекпейді. Жақында болған жағдайды естіп қатты таңғалдым. Анасынан қалайша сәбиін ажыратып алып кетуге болады?” – деді көршісі Надежда Ляхова.

Полиция қызметкерлері баласының да, анасының да құжаттары болмағандықтан бөбекті сәбилер үйне тапсырғандарын түсіндірді. Ал Яна болса, өзінің ата-анасыз өскенін айтып, қол ұшын беретін жақындарының жоқ екендігін жеткізді. Қазір ана мемлекеттен көмек сұрауда. 

“Мен бұлай өмір сүруден шаршадым. Құжаттарым болмағандықтан еш жерге жұмысқа тұра алмай жүрмін. Балаларымды да балабақшаға, тіпті ауруханаға қабылдамайды. Олар сырқаттанса үйден емдеуге мәжбүрмін”, – деді Яна. 

“Құқық” қоғамдық қорының қызметкерлері сотқа генетикалық сараптама жүргізу туралы өтініш тастаған. Дегенмен бұл шамамен бір айдан үш ай уақыт аралығына созылуы мүмкін. Онсыз Яна Кодрян баласын өзіне қайтара алмайды. Әзірге оған сәбилер үйінен кішкентайын көріп тұруына рұқсат берілген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр