"Жолаушылар шығып үлгерген": Абай облысында мұз үстімен жүрген көлік суға батып, жүргізуші қаза тапты
Абай ауданында ішінде адамдары болған көлік салмағын мұз көтермей, Алакөлге түсіп кеткен. Құтқарушылар суға көлігімен батып кеткен жүргізушінің денесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Абай ауданындағы қатып қалған су қоймасында болған. Сағат 15:10 шамасында "Нива" көлігінің жүргізушісі жолаушыларымен Алакөлден мұз үстімен өтіп кеткен. Салдарынан мұз жарылып, көлікті су басқан. Құтқарушылардың мәліметінше, осы уақытта жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Бірақ жүргізуші көлікпен бірге суға батып кеткен.
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға кеткен ер адамның денесін 28 метр тереңдіктен табылғанын мәлімдеді.
"Жүргізуші көліктен шыға алмай, суға батып кеткен. Мәйітті іздеуге сүңгуірлер тартылды. Жұмыс барысында ағымдағы жылдың 14 қаңтарында таңғы сағат 11:00-де Абай ауданының құтқарушылары суға кеткен ер адамның денесін тапты", – деп хабарлады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн