Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан көз жұмған әйел мәйітхана тоңазытқышында жатып тіріліп кетті

Оңтүстік Африка тұрғыны мәйітхана тоңазытқышынан тірі күйінде табылды.

Апаттан зардап шегуші қазір ауруханада.

Гаутенг провинциясында дәрігерлер оның өлгенін хабарлаған соң әйелді мәйітханаға жеткізеді. Ол жол апатына ұшыраған. Distress Alert жедел жәрдем қызметкерлері әйелден ешбір өмір сүру белгісін байқамағандарын айтқан.

Жұмысшы мәйітханаға қайтып келгенде тоңазытқышта жатқан әйелдің тыныс алып жатқанын көреді.

Distress Alert жедел жәрдем қызметінің басшысы медбикелердің еш кінәсі жоқ екенін айтады.

«Бұл біздің қызметкерлеріміздің салғырттығынан болған жоқ», – деді Геррит Брэдник.

Оның айтуынша, жексенбі күні жол апатынан қайтыс болды деп хабарланған екі адамның бірі мәйітханада тірілген әйел екен. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Шілде, 2018 12:18
Талқылау