Дәстүр мен отбасылық құндылық астасқан: “Айналайын” сүтінің артықшылықтары қандай?
Бүгінде сүт кез келген дастарханнан табылатын, әрбір қыз келіншектің “қолын ұзартатын”, орнын ештеңе баса алмайтын көмекшіге айналды. Дүкенге кіре қалсаңыз, сөрелерде қатар-қатар тұрған әртүрлі бренд ұсынатын сүт өнімдеріне көзіңіз түседі. Яғни сүт таңдағанда оның барлық қажеттіліңізге жарауы маңызды бола түседі. Осы ретте қазақстандықтарға бұрыннан таныс, көпшілік көзайымына айналып үлгерген "Айналайын" сүтінің ерекшелігіне тоқталғымыз келеді. Ұлттық бояуы бар, құндылықтарды сақтауды еске салатын “Айналайын” тұтынушылардың сүйіктісіне айналғаны жасырын емес. Отандық өнімнің артықшылығы туралы өндірушілерден сұраған едік.
Айта кетейік, “Айналайын” бренді Stan.kz оқырмандарының назарына пайдалы ұтыс ойынын ұсынады. Осы мақаланы соңына дейін зейін қойып оқып, бес сұраққа дұрыс жауап берген оқырмандарға бір жылға жететін “Айналайын” сүтінің қорын сыйлаймыз. Қапы қалмаңыздар!
“Айналайын" – дәстүр мен отбасылық құндылықтың қосындысы
Барлық қазақстандыққа түсінікті атаумен белгілі брендтің 2001 жылдан бері қазақстандық сүт өндірушілердің арасында өз орны бар. "Айналайын" қазақстандық сүт өндірушілердің арасында ерекше көзге түседі, себебі оны білмейтіндер кемде кем. Қаптаманың дизайны уақыт өте келе өзгерсе де, “Айналайын” брендінің мәні мен оның негізгі құндылықтары өзгеріссіз қалды. Қазір дүкен сөрелерінен “Айналайын” сүтін жүрек бейнесімен көре аласыз, бұл бренд тұжырымдамасын, атауын және тұтынушыға деген көзқарасын көрсетеді. "Айналайынның" жүрегі жаңа леппен соғуда!
Ал "Айналайын" сөзінің өзі басқа тілдерге аударылмайтын ерекше сөз. Оның шығу тарихы тереңде жатыр. Ертеректе қазақ отбасында баласы сырқатқа шалдығып ауырғанда ата-анасы немесе егде жастағы адам сол жастың сауығып, дертінен айығып, жанын аман алып қалу үшін ырым жасаған. Баласы ауырғанда әкесі не жасы үлкен кісі киімін терісіне аударып киіп, мойнына белдік іліп, баласын айнала бастайды да, есікке келген сәтте "айналайын" деп дауыстайды екен. Бұл ырымнан кейін, баласы сауығып кетеді екен. Содан бері бұл сөз қасиетті сөзіне айналады. Сол үшін де баласын жақсы көріп, еміренгенде "Айналайын" деп мейірімін көрсетеді. Демек "айналайын" сөзінің мағынасы "сен үшін бәріне дайынмын" дегенге сайып келеді.
Осындай мағынасы терең сөзбен байланысты "Айналайын" бренді ұлттық бірегейлілікті заманауи өмір салтына бейімдеуді және маңызды отбасылық құндылықтарды, дәстүрді сақтауды қолдайды. Бұл бренд Raimbek Group қазақстандық азық-түлік нарығындағы ең ірі холдингке тиесілі.
Заманауи келіншектің көмекшісі – “Айналайын”
Бренд ата-бабадан келе жатқан сүйікті ғұрыптарымыз бен жанұядағы құндылықтарға басымдық береді. Ол заманауи өмір салтын ұстанатын қыз келіншектердің көмекші құралына айналды.
Мәселен, қарбалас өмірде жұмысына да, шаңырағына да уақыт бөліп үлгеріп жүрген заманауи келіндердің, әйелдердің “қолын ұзартты”. Әдетте жаңа түскен келіндерге шай беру рәсімі кішігірім сынақ болуы мүмкін. Себебі қай сүтті таңдайтыны шайдың түсі мен дәміне әсер етеді, қонақтардың көңілінен шығатыны-шықпайтынына байланысты болады. Ақ дастарханда әдемі шай құю мен оны беру де өнер.
Жаңа технологиялардың арқасында "Айналайын" сүті қаптамасының пішіні құюға ыңғайлы, осының есебінен сүтті соңғы тамшыға дейін құюға мүмкіндік береді, оны жақсы сақтайды әрі мерекелік дастарханды безендіретіні сөзсіз.
“Айналайын” сүттің қай түріне жатады?
Қазіргі уақытта сақтау мерзімі ұзақ сүттерге байланысты қызу талқы көп, сенімсіздік те бар. Мұндай сүтке консерванттар немесе басқа қоспалар қосылады деген пікір халық арасында танымал. Осы орайда қазақстандық сүт өндіруші компаниялары өкілдерінен сүтті өңдеудің түрі жайлы сұраған едік.
Шын мәнінде, сүттің мерзімі ұзақ болу себебі ультра пастерлеу әдісін қолдануға байланысты. Сондай-ақ сүтті қабылдау кезіндегі шикі сүттің жоғары сапасына да қатысты.
Сүтті пастерлеудің сатылы технологиясы бар және олардың барлығы оны жоғары температурада қыздырумен байланысты. Бұл әдістерге пастерлеу және ультра пастерлеу жатады. Бүгінгі таңда ультрапастерлеу сүтті өңдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып отыр.
Мысалы, пастерленген сүт 60-80 градус температурада болады, онда сүт 30-60 минут өңделеді. Осылайша, сүт өнімдерінде микроорганизмдер өледі, бірақ кейбір микроорганизмдер өміршең күйде қалады және қолайлы жағдайлар туындаған кезде дами бастайды. Сондықтан пастерленген өнімдерді қысқа мерзімге ғана пайдалана аламыз. Ультра пастерленген сүт арнайы өңдеуден өтеді, бұл сүт өнімдерінің барынша пайдасын сақтау үшін қажет. Сүт 4 секунд ішінде өте жоғары температурада (138º-140 C) өңделеді. Содан кейін тез арада салқындатылады. Осылайша, барлық зиянды микрофлора жойылады және сонымен бірге сүттің пайдалы заттары сақталады. Айта кету керек, сүт өнеркәсібінде кез келген консерванттарды қолдануға заңмен тыйым салынған.
Қарапайым тұтынушылар өнімнің сапасын тағы қалай анықтай алады?
Ең алдымен қарапайым тұтынушы органолептикалық шамаларға мән беруі керек, яғни сүтке тән емес бөгде иіс, дәм, консистенция болмауын қадағалауы тиіс. Дайын өнімде – қапталған сүтте ақуыздың болуына назар аудару қажет. Ақуыздың мөлшері неғұрлым жоғары болса, мұндай сүт соғұрлым қалың және біркелкі көбік береді. Бұл әсіресе кофеқұмарлар үшін өте маңызды. Мәселен, “Айналайын” сүтіндегі ақуыздың мөлшері 2.8 %-дан кем емес.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Raimbek Agro сыйлық ұтуға мүмкіндік беретін ұтыс ойнына қатысуға шақырады. Барлық сұраққа ең бірінші болып дұрыс жауап берген бес оқырман жылдық “Айналайын” сүтін сыйлыққа алады.
Сұрақтарға жауап беру үшін үлгіні толтыру мысалы төменде көрсетілген.
Ұтыс ойнына қатысу үшін деректеріңізді енгізіп, сұрақтарға жауап беріңіз. Аты-жөніңізді, телефон нөмірін көрсетуді ұмытпаңыз. Сізге бес сұрақ беріледі, оларға дұрыс жауап беруіңіз керек. Қатысу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
