Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кету қаупі жоғары әлемдегі 10 көрікті мекен (фото)

Қазіргі таңда климаттың өзгеріп, жер ландшафтарының құбылуы туралы жиі айтылатын болды. Бұған адам қолымен жасалып жатқан әрекеттердің де қатысы бары анық. Ғаламдық жылыну туралы да ғалымдар тарапынан көп болжамдар айтылып жүр.

166

Бұл туралы AdMe.ru хабарлайды.

Біздің планетамызды көркіне көз тоймайтын мекендер баршылық. Алайда керемет орындардың жоғарыда айтылған ғаламдық жылыну, түрлі өнеркәсіптердің дамуы мен туристік белсенділік әсерінен жоғалып кету қаупі туындап тұр.

Ендеше назарларыңызға барып үлгеріп қалу керек әдемі орындарды ұсынамыз.

Тәж-Махал, Үндістан.

sss

Ғалымдардың пікірінше осынау керемет мавзолей әрі кетсе 5 жыл ғана тұруы мүмкін. Бұған себеп көп: Тәж-Махалды қоршап тұрған Джамна өзенінің ластануы әсерінен ғимараттың іргетасы шөгіп бара жатыр. Оның үстіне үздіксіз келетін туристердің де салмағы ғимараттың едені мен көпіріне үлкен зиян тигізуде. ЮНЕСКО өтініші бойынша мавзолей жақын уақытта бірнеше жылға уақытша жабылуы да мүмкін.

Антарктида мұздықтары.

mustsee02

NASA спутниктері түсірген суреттерді қарап отырып, ғалымдар Антарктидағы соңғы 10 жыл көлемінде мұздықтардың еру көрсеткіші апатты жағдайда деген байламға келген. 2003 жылдан бері мұз көптеген аумақтарда жұқарып кетіп, нәтижесінде қазір мұзды таулардың орыны жәй ғана төмпешікке айнала бастаған. Су ағынының күшеюі мұздықтардың жұтылуына әкеліп соғып жатыр. Антарктидағы осынау апатты жағдайды одан әрі күшейтіп жібермес үшін қазіргі таңда бұл аймаққа саяхат жасау көлемі қысқартылды, келешекте мүлде тоқтатылуы да мүмкін.

Янцзы өзен бассейні, Қытай.

155

Алып су қоймаларының тұрғызылуы, кеме жүруі, кәсіпорындар мен ауылшаруашылық қалдықтары, орман ағаштары – мұның барлығы Янцзы өзеніндегі флора мен фауна байлығына кері әсерін тигізіп жатыр. Өзенді тіршілік ететін өте сирек кездесетін – қытай бекіресі, теңіз шошқасы, қытай қолтырауыны сынды жануарлар жоғалудың алдында тұр.

Мальдив.

mustsee04-800x500

Мальдив архипелагындағы 1190 арал мен атолл қазіргі сәтте теңіз деңгейімен теңесіп тұр. (аралдардың ең биік нүктесі – 2,4 метр) Мұздықтардың еруі әсерінен әлемдік мұхиттағы су деңгейі көтерілген. Ал бұл Мальдивтегі су көлемінің шектен тыс көбейіп кетуіне әкеліп соғады. Мемлекет билігі материктен өздерінің тұрғындарына жер мен үйлер сатып алу арқылы ғана су тасқынына дайындық жасауда.

Үлкен Барьерлік риф

166

Судың қышқылдануы, туристердің үлкен көлемі, су тасқыны – осы факторлар Үлкен Бариьер су астф рифтеріне зиян әкелуде. Осылайша тропикалық борандар соға бастаған. Боранмен және су тасқынымен қалай күресерін ғалымдар әлі анық болжай алмай отыр.

Өлі теңіз.

177

1970 жылдан бері Өлі теңіздегі су деңгейі 30 метрге дейін төмендеген. Теңіз аумағында пайдалы қазбалардың өндірілуі су деңгейінің төмендеуіне себеп болып отыр. Өлі теңізді құтқарып қалу үшін оған Қызыл теңіз арқылы канал жүргізіп, су жіберу жоспарланып отыр.

Галапагосс аралы.

199

Галапагосс – 10 000 жануар түрінің туған мекені болып саналады. Өкінішке орай, үзіліссіз келіп жататыр туристер, браконьерлер, теңіз кемесімен саяхат жасаушылар аралдың табиғи мүмкіндіктеріне зиян келтірген. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі үлкен қауіп алдында тұр.

«Эверглейдс» ұлттық паркі, АҚШ.

222

АҚШ-тағы осындай әдемі парктің су табаны уақыт өткен сайын құрғап келе жатыр. Өйткені суды жергілікті фермалар мен қаладағы пайдалану қажеттілігі үшін тартып алып жатыр. Парк аумағын қоршап қалған батпақ күн өткен сайын ластануда. 1900 жылдан бері парк аумағы екі есеге қысқарып кеткен.

Ангар өзені, Ресей.

555

Қазіргі кезде бұл өзеннен балық аулап тамақтануға тыйым салынған. Ангар аумағындағы төменгі экологиялық жағдай туындап, жануарлар әлеміне үлкен қауіп төніп тұр.

Венеция, Италия.

654

Венециядағы су көлемі жыл сайын 1 миллиметрге көтеріліп келе жатыр, шамамен 2100 жылдары қала толықтай жоғалып кетуі мүмкін. Мұнда күнінен 60 000 адам келеді, ал ескі қаланың шынайы қауқары 30 000 адамды қабылдауға жетеді. Сондай-ақ, кемелердің де жүруі Венециядағы ғимарат іргетасына айтарлықтай зиян келтіреді. Әлемдегі ең әдемі қаланы құтқары үшін круиз лайнерлерінің кіруіне тыйым алып, туристер санын да шектеу көзделіп отыр.

Осындай керемет жерлерді бірнеше жылдан соң тек суреттерден көріп қалу өкінішті. Әрине, мұндай деңгейдегі орындарды құтқару үшін арнайы әлемдік ұйымдар мен мемлекеттік деңгейдегі шаралар жасалуы тиіс. Бірақ, соған қарамастан әрбіріміз мәдениетті турист болуды үйрене түсіп, табиғат ресурстарын тиімді пайдалана білуге тырысуымыз қажет.

Талқылау