Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: Өрт шыққан үйдің мұржасынан баллон табылды
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғанын айтты. Министрдің айтуынша, үйдің мұржасынан бөгде зат табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Өрт шыққан үйдің мұржасынан кішкентай баллон табылған.
“Көмір пеші болған. Мұржа жүйесі тазартылмаған екен. Сондай-ақ мұржаның ішіне баллон салып жіберген. Баллон кішкентай. Ол сондай екен... Салдарынан жарылыс болып отыр”, – дейді Шыңғыс Әрінов.
Баллонның мұржада қалай пайда болғаны белгісіз. “Балалар салып жіберуі мүмкін бе?” деген сұраққа төтенше жағдай министрі тергеу жұмыстары аяқталған соң жауап беретінін айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткені туралы жазған едік. Кейіннен өрт кезінде балалардың анасының достарына қонаққа кеткені, ал әкелерінің түрмеде екені анықталды. 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"