"Жыр мен жүрек тоғысқан сәт": Атырауда шабыт кеші өтті

13 тамызда Атырау қаласының Жастар театрында жергілікті ақын-жазушылар – Әлия Дәулетбаева мен Бақытгүл Бабаштың поэзия әлеміне арналған тағылымды кеші өтті.
Сахна төрінде қос қаламгердің жүрек тербеген жырлары мәнерлеп оқылып, әндер шырқалды. Әсерлі өлеңдер мен әуендер залға жиналған көрермендерді терең ой мен нәзік сезімге жетеледі.

150-ден астам әдебиетсүйер адам жиналған шарада жастар тарапынан да қызығушылық басым болды.
Кештің басты мақсаты – жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын жас буынға кеңінен таныстырып, әдебиетке деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.

Жыр кешін Халықаралық Жастар күнінің онкүндігі аясында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, "Жастар таңдауы-Атырау" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген