Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылына жүз әйел зардап шегеді": Үндістанда өзбекстандық қыздарды сексуалды құлдыққа салған

Үндістанда қаскөйлер орталық Азияның бірнеше қызының құжаттарын тартып алып, оларды сексуалды құлдыққа салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Өзбекстандық қыздарды Дубайға жұмысқа шақырып, артынша сексуалды сипаттағы қызмет көрсетуге мәжүрлеген.

“Құжатымды тартып алып, сексуалды құлдыққа салды. Ондай қызмет көрсетуден бас тартқанымда, соққыға жықты. Түнде жұмыс істеуге жібереді. Тіпті алты адамға бірден қызмет көрсетуімді талап етті”, – дейді жәбірленуші.

Үндістанда жыл сайын жүздеген шетелдік әйел сексуалды құлдықтың құрбанына айналады. Оларды орталық Азиядан Непал арқылы Үндістанға алдап әкеледі.

Сексуалды құлдықтың құрығына түскен өзбекстандық Тахмина притоннан қашпақ болған. Алайда бұл әрекеті сәтсіз болыпты. 

"Бетімнен шапалақпен ұрып, қорқытты. “Егер бұйрығымды орындамасаң, есірткі саудасымен айналысты деп ұстатып жібереміз, бетіңді қышқылмен күйдіреміз” деді”, – деді ол.

Олар қызды соққыға жыққан видеоны көрсетіп, “тыңдамасаңдар, осылай ұрамыз” деп бопсалаған. Мұндай құлдыққа көбінесе жағдайы төмен отбасыдан шыққан қыздар түсіп қалады. Себебі сутенерлар оларды алдап, Дубайға жұмысқа орналастырамыз деп уәде етеді екен.

“Дубайға билет алып берді де, әрі қарай Непалға алып кетті. Содан соң менен бөлек тағы бес қыз бар пәтерге апарды. Екі күннен кейін сексуалды құлдыққа салды. “Жоқ” дегеніме қарамай, зорлық қылды”, – деді өзбекстандық Афноза.

Үндістандық полицейлердің айтуынша, күдіктілер ұсталды. Алайда қылмыстың құрбанына айналған қыздар әлі де үйлеріне қайта алмай отыр. Себебі оларға қарсы іс қозғалған. Қыздар көші-қон ережесін бұзды деп айыпталып отыр.

Талқылау